Құрылыс жұмыстары қызу жүруде

Инфрақұрылым
14.11.2025, 10:12
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты 5 вокзалда қазір құрылыс жұмыстары қарқын алған. Мамандардың сөзіне сүйенсек, барлық нысандағы орындалған жұмыс көлемі 25-30 пайызды құрайды.

Республика бойынша вокзалдарды ауқымды қайта құру жобасына Жамбыл облысы бойынша енгізілген бұл бес нысанға тоқталсақ, Түрксіб вокзалы жаңадан салынса, Тараз және Шу вокзалдары толықтай қайта жаңғыртылуда. Борандыда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Сарышағанда тек вокзалдың платформалары ғана жаңартылады.  

– Бес мердігер компаниямен келісім-шарт жасалды. Құрылысқа қатысты барлық жобалау жұмыстарынан бастап, жабдықтау, оның ішінде қажетті материалдарды, тіпті есіктердің кілтіне дейін сатып алу-жеткізу және құрылысты қоса алғанда, нысанды салу бойынша жұмыстардың барлығы компанияға жүктеледі. Мердігерлер өз қаржысын салып, атқарылған жұмыстардың көлеміне қарай өтеуін алады. Бүгінге дейін жүргізілген жұмыстардың ауқымына қарай барлық вокзалдағы мердігерлер 30 пайыз қаржысын алды, – дейді Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі директорының вокзал шаруашылығы бойынша орынбасары Азизхан Қалыбаев.

Вокзалдарды ауқымды қайта құру жобасына негізінен үш тарап – Көлік министрлігі, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және жергілікті әкімдіктер жауапты. Тапсырыс беруші – ұлттық компания болғанымен, жобалау жұмыстарын жүргізу, мердігерлерді анықтау – әкімдіктердің құзырында.  

Азизхан Қалыбаев қазіргі уақытта жүргізілген жұмыстардың ауқымы бойынша Шу вокзалы алда тұрғанын жеткізді. Өйткені күрделі жөндеуден өткізу мәселесі көп жылдан бері көтеріліп келе жатқан Шу вокзалының сметалық жобасы алдын ала әзірленіп, мемлекеттік экспертизадан өтіп қойған екен. Тек қаржыландыруды күтіп отырған.  

– Шу вокзалының ғимараты үш блоктан тұрады. Батыс және шығыс қанаттарында жөндеу жұмыстары басталғанда күту залдары және кассалар, әкімшілік кабинеттер орталық бөлікке көшірілді. Қазір олар түгелдей құрылысы аяқталған блокқа ауыстырылып, ортаңғы блокта құрылыс жұмыстары жалғастырылуда. Бұл жұмыс процесіне кедергі келтірмей, уақытты ұтымды пайдалануға мүмкіндік берді. Ал қалған нысандарда қызметкерлерге уақытша контейнерлер орнатылып, күту залдары жылы, жарық, жайлы орындарға көшірілді. Оның бәрі мердігерлер тарапынан атқарылуда. Сондықтан жолаушылар пойыздарының қозғалысына еш кедергі келіп жатқан жоқ, – деп түсіндірді Азизхан Туғанбайұлы.  

Айтпақшы, толықтай қайта жаңғыртудан өтіп жатқан Шу және Тараз вокзалдарында жолаушылар алдағы уақытта бірқатар жаңалыққа куә болады. Атап айтсақ, қос вокзалда да бұрын болмаған екінші қабатқа көтерілетін эскалатор қойылады. Шуда лифт, мүмкіндігі шектеулі жандардың қолайлы жүріп-тұруына арналған арнайы жүйелер іске қосылса, Тараздағы күту залдарының аумағы жалпы 630 квадратқа кеңейетін көрінеді.  

Ал ғимараты толықтай сүріліп тасталған Түрксіб вокзалының құрылысы қашан басталады деген сауалымызға Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі құрылыс бөлімінің бастығы Сұлтан Ниязов жауап берді.  

– Қазір вокзалдың іргетасы құйылып, бағаналары көтерілген. Вокзал құрылысы біткен соң, перрондар жаңартылып, жаңадан жаяу жүргіншілерге арналған көпір салынады. Айналасы түгел абаттандырылады. Ал әзірге күту залдары жақын маңдағы кафеге көшірілді. Борандыда вокзал ғимараты, перроны күрделі жөндеуден өткізіліп, жаяу көпір өткелі жаңарады, – деді Сұлтан Абайұлы.  

Құрылыс нысандарының бәрінде еңбек қауіпсіздігі басты назарда, өрт, техникалық қауіпсіздік толық қамтамасыз етілген. Азизхан Қалыбаев бүгінге дейін жолаушылар тарапынан арнайы сайтқа, басшыларға арыз-шағым түспегенін айтты.  

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды