Ірі жобалар – игі істер бастауы

Инфрақұрылым
14.11.2025, 10:38
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Burabay Express» электр пойызында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның құрылыс жөніндегі басқарушы директоры Марат Есқалиевпен өткен медиа-кездесу барысында ҚТЖ-ның инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру және вокзалдарды жаңғырту жөніндегі бағдарлама мәселелері талқыланды.

Спикер 2020 жылға қарай магистральдық желінің тозуы 57%-ға жеткенін, ал вокзалдар мен инфрақұрылым нысандары қанағаттанарлықсыз жағдайда болғанын атап өтті. Бүгінде ҚТЖ елеулі ресурстарды жаңа темір жолдарды қалпына келтіруге, жаңғыртуға және салуға бағыттап отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2029 жылға дейінгі магистральдық теміржол желісін дамыту жөніндегі бағдарлама іске асырылуда, ол 5 мың шақырым темір жол салу мен жаңғыртуды, сондай-ақ 11 мың шақырым қолданыстағы желілерді жөндеуді көздейді. Жұмыстар кесте бойынша жүргізілуде.  

– Тәуелсіздік жылдары 2024 жылға дейін елімізде 2,5 мың шақырымға жуық жаңа темір жол салынды. Ал алдағы үш-төрт жылда одан екі есе көп салу және жаңғырту жоспарланып отыр, – деп атап өтті Марат Есқалиев.  

Ең ірі жобалардың бірі саналатын ұзындығы 836 км Достық – Мойынты учаскесіндегі екінші жолдардың құрылысына қатысты жұмыстар нормативтік мерзімнен екі жыл бұрын аяқталып, 30 қыркүйекте Достықтан Мойынтыға дейінгі екінші жолдағы жұмыс қозғалысы ресми түрде іске қосылған болатын.  

Жоба аясында 380-нен астам инженерлік құрылыс, соның ішінде 92 көпір, 261 су өткізу құбыры, 28 автожол өтпесі және басқа да нысандар салынды. Жобаны іске асыру учаскенің өткізу қабілетін бес есеге ұлғайтуға мүмкіндік беріп, ҚХР-дан және кері қарай жүк транзиті үшін қосымша мүмкіндіктер аша түспек. Пайдалануға берілген алғашқы айда жаңа жол бойынша 647 жүк және 235 контейнерлік пойыз өтті. Жоба Қытай – Еуропа бағытындағы Қазақстанның рөлін күшейте отырып, Трансқазақстан теміржол дәлізін қалыптастырудың бірінші буыны болды.

Биылғы жылдың соңына дейін Жетіген – Қазыбек бек жаңа айналма теміржол желісінде жұмыс қозғалысын іске қосу жоспарланған, ол Алматы теміржол торабының жүктемесін 40%-ға жеңілдетуге және жүктерді жеткізу уақытын 24 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Құрылысқа отандық кәсіпорындар мен мердігерлік ұйымдар тартылған.  

Түркістан облысында Дарбаза – Мақтаарал желісінің құрылысы жалғасуда, ол оңтүстік аудандардың Қазақстанның негізгі желісімен тікелей теміржол қатынасын қамтамасыз етумен қатар Ресей мен Қытайдан Орталық Азия елдеріне транзиттік ағындарды қайта бөлуге, сондай-ақ Сарыағаш станциясының жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік бермек. Жоба құрылыс кезеңінде 3 400 уақытша, ал 2026 жылы пайдалануға берілгеннен кейін 500 тұрақты жұмыс орнын құрады деп күтілуде.  

Марат Есқалиев сондай-ақ Қытаймен үшінші теміржол өткелін ашатын ұзындығы 300 шақырымға таяу Бақты – Аягөз теміржол желісінің құрылысы басталғанын және ол 2027 жылы аяқталатынын атап өтті. Бұл жобаның іске асырылуы Қазақстанның көлік жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жүктерді жеткізу қашықтығын солтүстік өңірлер мен Ресейге дейін 320 шақырымға қысқартпақ және облыстың дамуына қосымша серпін береді. Пайдалануға берілгеннен кейін 1200 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі.  

Ал 323 шақырымдық Мойынты – Қызылжар теміржол желісінің құрылысы осы жылдың мамыр айында басталды. Жоба маршруттың ұзақтығын 149 шақырымға қысқартуға, Мойынты – Жарық учаскесінің жүктемесін жеңілдетуге және 30 жұп пойызға дейін қайта бағдарлауға мүмкіндік береді. Оны іске асыру Қарағанды және Ұлытау облыстары экономикасының дамуына оң әсерін тигізеді.  

Медиа-кездесу барысында кеше ғана Үкімет отырысында күн тәртібіне шығарылған теміржол вокзалдарын қайта жаңарту мәселесі де сөз болды. ҚТЖ бүкіл ел бойынша 124 вокзалды қайта жаңартудың ауқымды бағдарламасын іске асырып жатқаны белгілі. Көлік вице-министрі биыл 80-нен астам вокзал пайдалануға берілетінін айтты. Премьер-министр Олжас Бектенов кейбір әкімдіктердің құрылыс барысына бақылауды босаңсытып отырғанын сынға алып, сапа талаптарын сақтай отырып, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты