Астанада «Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі бойынша үздік тәжірибелер» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Жаңалықтар
14.11.2025, 18:18
Оқуға 1 мин

Елордада «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның «Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі бойынша үздік тәжірибелер» операциялық қауіпсіздігіне қатысты  үш күндік байқауы аяқталды. Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 12 команда қатысты. Олардың әрқайсысы пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жобаны ұсынды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Байқау қорытындысы алғаш рет дәстүрлі қазылар алқасының қатысуынсыз шығарылды: әр команда өз әріптестерінің жобаларын бағалады және жеңімпаздар алқалы түрде анықталды.

Жобалар мәселенің өзектілігі, шешімнің өзіндік ерекшелігі, экономикалық тиімділігі, өлшенетін нәтижелері және таралым мүмкіндігі бойынша бағаланды. Ұсынылған бастамалардың қатарында пульт-таблоны жаңғырту, тежеу ережелерін оқыту әдістемелерін енгізу, иесіз малдардың соқтығысуын болдырмау жүйелері, локомотив сигнализациясының жұмысын жетілдіру және станциялардың өткізу қабілетін арттыру бар.

Бірінші орынды Маңғыстау өңірінің теміржолшылар командасы, екінші орынды Ақтөбе өңірі, үшінші орынды Ақмола өңірі иеленді.

Байқау тәжірибе алмасу, жетістіктерді көрсету және теміржол қозғалысы қауіпсіздігі саласында инновациялық шешімдерді енгізу алаңына айналды.

Қауіпсіздік мәдениеті – компанияның негізгі басымдықтарының бірі, ал қызметкерлердің кәсібилігі мен жауапкершілігі — тасымалдау сенімділігінің негізі.

Байқау аясында квиз-ленд қорытындысы бойынша Шымкент өңірінің ең жедел, эрудициялы және креативті командасы анықталды.

Байқау жеңімпаздарына ақшалай сертификаттар табысталды.

Әрбір қатысушыға қатысу сертификаты, ал белсенді қатысушыларға mini — MBA бағдарламасы бойынша одан әрі оқытуға арналған жекелеген бағыттар берілді.

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды