Биыл транскаспий бағдары арқылы тасымалданатын жүк легі екі есе артпақ

Жаңалықтар
13.05.2022, 10:25
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Мемлекет басшысының Түркияға сапары аясында көлік саласында да бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізілді. Анкара қаласында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевтың төрағалығымен «Транскаспий халықаралық көлік бағдары» Халықаралық қауымдастығы Жалпы жиынының (Middle sorridor) мәжілісі өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жиынға қатысушылар қауымдастықтың өткен, 2021 жылғы есебін тыңдап, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамыту стратегиясын, тасымал тетіктерін, маркетингтік жоспарды және 2022 жылға арналған тарифтік саясатты талқылады. Биыл контейнерлік тасымал өткен жылға қарағанда екі есе көбейіп, 50 мың ЖФЭ дейін жетеді деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар жалпы тасымал алты есеге – 3,2 млн тоннаға дейін артады деген болжам бар.

Айта кету керек, биылдың өзінде, яғни 2022 жылдың 4 айында ТХКБ бағыты бойынша 733 мың тонна жүк тасымалданған. Бұл – 5 мыңнан астам вагон ары-бері өтіп, 10 мың ЖФЭ контейнерлерді діттеген жеріне жеткізді деген сөз. Іс-шара қорытындысы бойынша ТХКБ бағытымен жүк легі ұлғайып жатқандықтан үздіксіз тасымалдауды бәсеңдетпеу мәселесі келісілді.

Транскаспий халықаралық көлік бағыты Қытай, Қазақстан, Каспий теңізі акваториясы, Әзірбайжан, Грузия, Түркия және Қара теңіз арқылы Еуропа елдеріне өтеді. "ТХКБ" қауымдастығына 20 компания мүшелікке кірсе, оның ішінде теміржол әкімшіліктері, порттар, 8 елдің кеме қатынасы және логистикалық компаниялар бар.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті