Шымкенттегі станцияларда қауіп-қатердің алдын алуға арналған рейд өтті

Жаңалықтар
13.05.2022, 10:40

Жаяу жүргіншілер темір жолда қауіпсіздік ережесін жиі бұзатын өңірлердің бірі – Шымкент қаласы. Мәселен, осы жылдың 4 айында 4 қайғылы оқиға орын алып, оның біреуі өлімге әкеп соқтырды. Басты себеп – тұрғындардың бейғамдығы.

Оның сыртында жыл басынан бері машинистер жолға адам шығып кетуіне байланысты 14 рет пойызды шұғыл тоқтатуға мәжбүр болған. Бұл жерде ескере кететін бір жайт, пойыз автокөлік емес, тоқтауы қиын. Тежеуішті басқаннан кейін бір шақырым жүріп барып тоқтауы мүмкін. Осыны кейде білместіктен, кейде біле тұра асығыстықтан немесе абайсыздықтан ереже бұзатындар аз емес. 

«Қазақстан темір жолы» компаниясы қомақты қаржы жұмсап, пойыз өтетін ауыл-аймақтардағы жолдарға қоршау орнатады. Соған қарамастан темір жол маңында тұратын тұрғындар, соның ішінде балалар да бар, өз өмірлерін қатерге тігеді. Онымен қоймай қоршау материалдарын ұрлап кетіп жатады. 

Темір жол – өте қауіпті аумақ. Ол титтей де болсын қателікті кешірмейді. Сондықтан темір жол ережелерін барынша сақтаған абзал. Шойын жолды жағалай қонған тұрғындарға осы қауіп-қатерді түсіндіріп, тәртіп бұзғандарды анықтау үшін темір жол қызметкерлері, әскерилендірілген темір жол күзеті және көлік полициясының өкілдері Шымкентте арнайы рейд өткізіп жатыр. Қарекеттің басты мақсаты – жазықтыны жазалау емес, қайғылы жағдайдың алдын алу.

Жаңалықтар
17.11.2025
Болашақ машинистер ҚТЖ мұражайында болды
Аймақтар
17.11.2025
Құқықтық сауаттылық артуда
ҚТЖ келбеті
17.11.2025
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
Аймақтар
17.11.2025
Атырауда Абай мұрасы дәріптелді
Аймақтар
17.11.2025
Бөрітескен бекеті жаңа келбетке ие болды
Жүк тасымалы
17.11.2025
Теміржол көлігімен 38 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жаңалықтар
17.11.2025
Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан теміржол жобасын бес жыл ішінде аяқтауды жоспарлап отыр
Жолаушылар тасымалы
17.11.2025
Атырау–Алматы бағыты бойынша енді пойыз күн сайын қатынайды
Спорт
17.11.2025
Астанада ҚТЖ қызметкерлерінің Спартакиадасы өтіп жатыр
Жаңалықтар
15.11.2025
ҚТЖ мен O'ТУ үйлестіруді күшейтеді: жүктемесі жоғары бағыттарда жедел шаралар қабылданды
Жаңалықтар
14.11.2025
Астанада «Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі бойынша үздік тәжірибелер» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Инфрақұрылым
14.11.2025
Биыл 1400 шақырым жол жөнделді
Жаңалықтар
14.11.2025
Транскаспий халықаралық көлік бағытының экономикалық және геосаяси маңызы
Инфрақұрылым
14.11.2025
Ірі жобалар – игі істер бастауы
Инфрақұрылым
14.11.2025
Манкент вокзалы жаңа келбетке енеді
Инфрақұрылым
14.11.2025
Құрылыс жұмыстары қызу жүруде
Аймақтар
14.11.2025
Теміржолдағы адал еңбек иесіне құрмет көрсетілді
Жаңалықтар
14.11.2025
Заңдағы жаңа нормалар түсіндірілді
Жаңалықтар
14.11.2025
Таразда теміржолды кесіп өтпек болған скутер жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті
Жаңалықтар / Мұрағат
14.11.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №95 14 қараша 2025 жыл