Алғашқы тоқсанда Магистральдық желі дирекциясы жарақаттан дін аман шықты

Жаңалықтар
13.05.2022, 10:44
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Магистральдық желі дирекциясы теміржолшылардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, еңбек қорғау мен қауіпсіздік деңгейін арттыруға жыл сайын 5,5 млрд теңгеден астам қаржы бөледі. Демек, осыншама сомаға жыл сайын қауіпсіз еңбек және санитарлық-гигиеналық жағдай жасау бағытында шаралар атқарылады деген сөз.

Нәтижесі қандай десек, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында дирекцияның желілік кәсіпорындарында бірде-бір өндірістік жарақаттану оқиғасы орын алмағаны ауызға алынады. Ал өткен жылы осы кезеңде 5 жазатайым жағдай тіркелген. Бұл туралы жуырда Еңбек қорғау күніне орай өткен жиында Еңбек қорғау және қауіпсіздік, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология департаментінің директоры Е.Сәкенов мәлімдеді. Ол әріптестерін нөлдік жарақаттануға қол жеткізуге атсалысуға шақырды. Мысалы, 20 жылдан астам уақыт өндірісте жарақаттануға жол бермей жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар баршылық. Айталық, ШЧ-17 Атбасар, ШЧ-13 Жаңаесіл, ШЧ-26 Қостанай, ШЧ-22 Жаңаарқа, ШЧ-23 Балқаш, МБ Қарағанды, ВП-21 Жаңаарқа, НОРП-13 Қарағанды, ПЧ-39 Семей, ШЧ-30 Аягөз, ШЧ-8 Атырау, ШЧ-9 Ақжайық, ШЧ-11 Құлсары, ВП-9 Атырау, НОРПОЖ-11 Атырау филиалдары алдыңғы лекте аталады. Міне, осы деректен-ақ, техникалық және нормативтік мүмкіндіктердің тең жағдайында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ете отырып, өндірістік жарақатсыз жұмыс істеуге болатынын байқаймыз. Бүгінгі таңда жалпы компания бойынша еңбек қорғауды басқару жүйесін трансформациялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Дирекция 2019 жылы нөлдік жарақаттануға қол жеткізу бойынша стратегия қабылдап, жұмысшылардың еңбек мәдениетін және қауіпсіздікті сақтап, қолайлы ортада жұмыс істеу тек өздеріне байланысты екендіктеріне мән беруге шақырды. Алайда, өндіріске жаңа, заманауи және қауіпсіз технологиялардың енгізіліп жатқанына қарамастан, дирекция филиалдарында адам шығыны да жоқ емес. Айталық, 2010-2022 жылдар аралығында 48 қызметкер жұмыс орнында қаза тауып, 57 адам мүгедек болып қалған.  

– Жазатайым оқиғаларға жүргізілген тергеу-тексеру, өндірістегі адам өлімі, жұмыс берушілер, өндіріс басшылары және зардап шеккендер тарапынан немқұрайлылық, жауапсыздық, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға салғырттықпен қараудың салдары екенін көрсетіп отыр. Жұмыс берушілер мен қызметкерлер қауіпсіздік мәдениеті сақталмай, өндірістік жарақаттануды жою мүмкін емесін түсінулері керек. Ал қауіпсіздік мәдениетін біз Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттелетін белгіленген қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтағанда ғана қалыптастыра аламыз, – деді Еркен Сакенов.  

Магистральдық желі дирекциясының бас инженері Қайырбай Орынбаев еңбек қорғаудың жоғары мәдениетін қалыптастыру үшін басты қажет дүние, ол сенім мен өзара құрметке негізделген ашық ақпарат алмасу және жауапкершілік екенін мәлімдеді. Ал жауапсыздық – қашан да жарға жығатыны дәлелденген аксиома.

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға