Маңғыстау теміржолшылары жолды жапқан құммен әлек

Жаңалықтар
20.05.2022, 09:39
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Соңғы жылдары Маңғыстау өңірінде қуаңшылық болып, шөп шықпады. Бары күйіп кетті. Салдарынан құмды ұстайтын негіз болмай, түбектің тынбай соғатын желімен ол теміржолды жауып қалатын болды. Құм суырған өлкеде теміржолшылар топырақ басқан жолды тазалаумен әлек.

  Осылайша, қыста қармен, көктемде қарғын сумен күресетін теміржолшылар үшін түбекте кезекті науқан – жазда құммен күрес пайда болды. 

Жуырда Маңғыстауда жер-дүниені көлдетіп нөсер жаңбыр жауып, ел мен жерді қарық қылған болатын. Бірақ бұл теміржолшылар үшін артық міндет жүктеді. Сел болып аққан жаңбыр суынан кейін құм басқан жол ми батпаққа айналды. Салдарынан теміржол бойымен өтетін тоқ жүйесі істен шығып, бағдаршамдар ашылмай қалды. Жол қатынасына кедергі келіп, қауіп төнді. Бұл жолы бір ғана жолшылар емес, түбек темір жолының барша жұмысшылары жұдырықтай жұмылып, жүз шақырымнан астам жолды лай топырақтан тазартты. Мәселен, Маңғыстау жол дистанциясы бойынша жел ұйытқып соғып, жолды құм басатын жерлер шамамен 110 700 шақырым екен. Осынша жолдың лай топырағын күрекпен аршып сыртқа шығару деген қандай қиямет-қайым жұмыс екенін біле беріңіз... 

Негізгі күш, әрине, Маңғыстау жол дистанциясына түсті. Жолшы- ларға қалпына келтіру, өрт сөндіру пойыздары, электрмен жабдықтау дистанциясы, белгі беру және байланыс дистанциялары көмекке келіп, жұмысқа қар тазалауға пайдаланатын СДПМ техникасы да тартылды. 

– Мамыр айының басында толассыз жауған нөсер жауын теміржолды шайып кеткен жоқ. Жиналған жаңбыр суы арнайы суағарлармен ағып өтті. Бірақ басқа проблеманы туындатты. Жолды үнемі құм басатындықтан жауын суынан топырақ ылғалданып, лайға айналды, теміржол бойындағы байланыстың жоғалуына себеп болды. Байланыс болмаған соң бағдаршамдар істемей қалып, пойыздар қатынасы тежелді. Мұндай жағдай Маната-10, 10-11, Шетпе-14 бекет, 14-15, 16-Тамақ, 10, 13, 15, 14 және Жетібай-Өзен, Өзен-Бастау станциялары мен бекеттері аралықтарында туындады. Өйткені үнемі құм суырып тұратын да осы жерлер, – дейді Маңғыстау жол дистанциясының жетекші инженері Ержан Артықбаев. 

Орын алған төтенше жағдайға байланысты түбек теміржолшылары тәулік бойы жұмыс істеп, барлық күш пен техниканы кедергіні жоюға жұмылдырған. Олар жолды топырақтан аршып қана қоймай, алдын алу жұмыстарын да жүргізіп жатыр. Жол жиектеріне қамыстан қоршау, қалқандар орнатуда. Құм суыратын орындарға 9 вагон қамыс жеткізіліп, одан арнайы қоршау істелді. Қосымша ескі ағаш шпалдар мен көліктердің жарамсыз дөңгелектерінен де қалқандар жасалуда. 

№3 телімнің жол шебері Нұрлыбек Сауатовты оншақты адамымен жол- дың құмын тазалап жүрген жерінде кездестірдік. Ол өзіне бекітілген 24 шақырым жолдың күтімін жасаумен күнделікті айналысып келеді. 

– Құм астында қалатын негізгі жерлер – №16-Тамақ бекеті арасындағы 3 шақырым, Тамақ бекетінің екінші жолында 1 шақырымдай, Тамақ бекеті мен Маңғыстау станциясы арасында 500 метр жол. Осы телімдерге ерекше көңіл бөліп, күнделікті бақылауда ұстаймыз. Жел күшейсе, жұмыс істеу қиынға соғады. Дегенмен қозғалысты тоқтатпау керек. Бет-аузымызды тұмшалап алып топырақпен күресудеміз. Жолшылардың бір тобы әне, қамыстан қоршау тұрғызып жатыр, – дейді жол шебері Нұрлыбек Сауатов.

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл