ҚТЖ дарынды жастарды баулуға ынталы

Жаңалықтар
24.05.2022, 09:48
©Rail-news.kz
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан теміржолындағы дарынды, қабілетті жастарды дамытуға арналған «ҚТЖ-100 жас есім» бағдарламасы бойынша биылғы оқытудың соңғы кезеңі болып өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz

Компанияның әлеуметтік саясат департаменті биыл аталған жобаға қатысушыларды бағдарлама аясында үш күн онлайн түрде оқытты. 2022 жылғы «Жақсы өзгерістер енгіз!» бағдарламасының негізгі бағдары – «Жобалық басқару, үнемді өндіріс мәдениеті» болып саналады. 

Бағдарлама аясында оқытудың бірінші күнінде «Жинаған білім мен тәжірибенің ретроспективасы» деген тақырыпта онлайн сессия өткізілді. Оның мақсаты – мақсаттар мен міндеттерге жету үшін ұдайы жетілу, тұрақты даму саласында, жобаларды басқаруда білімін қолдана отырып, осы жылы ұқыпты өндіріс аспаптарын үдеріске бейімдеу үшін жастардың біліктілігін қалыптастыру. Қалған екі күндегі онлайн сессиялар тақырыбы – «LEAN Management. Үнемшіл ұйым құру» деп аталды. Оқу бағдарламасына компанияның 16 бөлімшесі мен филиалдары және еншілес ұйымдарынан 85 жас қызметкер қатысуда. 

Жоба қатысушыларының бірі, Атбасар станциясындағы белгі беру және байланыс дистанциясының диспетчері Әсем Құласбаеваның айтуынша, ол «ҚТЖ-100 жас есім» бағдарламасы арқылы өз өмірінде орасан зор мүмкіндіктерге жол ашқан. 

Ақтөбе ЖТ бөлімшесінің өндірістік бөлім бастығы Темірхан Аманқұлов «ҚТЖ-100 жас есім» аясында өткізіліп жатқан іс-шаралар темір жолды әрі қарай дамытуға ықпал етеріне сенімді. 

«Жалпы Қазақстан темір жолының жастар саясаты жастарға деген ұмтылыс, алға деген көзқарасты дамыту және жастарды жан-жақты қолдау жағынан өте тиімді. Соның ішінде осы жобаны ерекше атауға болады. Бағдарлама жас теміржолшылардың темір жол саласын дамытуға деген ұмтылысын айқындай түседі», – дейді ол. 

Оқыту барысында ZOOM платформасында қатысушылар 8 адамнан онлайн бөлмелерге бөлінген. Топтарға ортақ тақырыптар берілген. Жеке бас қасиеттеріне байланысты ортақ қасиеттер туралы ой толғамдарын ортаға салған қатысушылар арасынан белсенділері елордада офлайн түрде өтетін оқытуға шақырылмақ.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті