Қызылордада келісім комиссиясының семинары өтті

Жаңалықтар
31.05.2022, 09:46
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінде жұмыс беруші мен жұмыскердің құқығы айқын көрсетілгенмен, кейде түрлі ахуалға байланысты даулы мәселе туындап, екі тарапты әуре-сарсаңға салатын кез де болады. Сондықтан осындай келеңсіз жайттардың алдын алуда келісім комиссиясына жүктелетін салмақ жеңіл емес.

Қызылорда темір жолында келісім комиссиясы мүшелерінің аймақтық семинары өтті. Жиналғандар осы салада аса тәжірибелі маман, ҚР Президенті жанындағы еңбек құқығы сарапшысы, құқықтық кеңес мүшесі Бибігүл Нұрашеваны тыңдап, талай құнды ақпараттарға қанықты.

Түрлі ситуациялық мәселелерге жауап іздеуден басталған семинарда жұмыс кезінде жолығуы мүмкін жайттардан мысалдар келтіріліп, олардың шешілу жолдары қарастырылып, түсіндірілді, ұсыныстар да жан-жақты сарапқа салынды. Мысалы, жұмыс беруші мен жұмыскер арасында туындаған кейбір мәселелерді шешуде тығырыққа тірелетін келісім комиссиясы мәселенің шешімін өкілетті маманның көрсеткен қағидалары негізінде жүргізуге тұжырым жасауы мүмкін. Бұл екі тарапқа да тиімді әрі оңтайлы жол саналады. Алайда ұжымдық келісімшарт не Еңбек кодексінің баптарына жүгінген дауласушы тараптар әртүрлі белгілі-белгісіз себептермен даудың шешілуін қиындатуы мүмкін, мұндай жағдайда барлық шараның заң қағидаларына негізделетінін ескермеген тараптардың қиындықтарға тап болуы заңдылық екені де семинарда жан-жақты түсіндірілді.

– Еңбек Кодексіне соңғы 6 жылда 21 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл жаман емес, себебі мұның бәрі жұмыс беруші мен жұмыскердің мүддесін қорғау үшін жасалған шаралар деп қабылдаған жөн. Бүгінгі семинарға қатысушылардың әрбірін толғандыратын сауал бар, олардың жауабын осы жерде, сіз бен біз бірге табатын боламыз. Бұл – тәжірибе жетілдіру, білім мен машық арттыру тәсілі. Өз тарапымнан айтылған ұсыныстардың алдағы уақытта құзырлы органдар тарапынан ескеруге тиіс екендігін және де соған орай іс-қимыл жасау қажеттігін назарда ұстайтын боламын, – деген лектор Ұлттық компанияның басшылық құрамымен жұмыс барысында кездесулер өткізілетінін, бірқатар ұсыныстар айтылатынын да жеткізді.

Кейде өз еркімен жұмыстан шығуға мәжбүр болған жұмыскердің арада белгілі бір уақыт өткеннен кейін өзінің жұмыстан шығарылуын заңсыз деп қайта арызданатыны, ал кейбіреулердің жұмыс беруші тараптың қысымына ұшырадым деп шағымдануы сынды жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы қарым-қатынаста кең тараған жағдай да талқыланып, оның шешімін табу нұсқалары да қаралды. Семинарға қатысушылар лекторға түрлі сауалдар қойып, кейбір даулы мәселелерге байланысты пікірталас та өрбіді.

Жиын соңында барлық тыңдаушыларға сертификат табысталды.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда