Болшақ станциясына медициналық пойыз келді

Жаңалықтар
01.06.2022, 09:24
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Екі жыл үзілістен соң қайта жолға шыққан медициналық пойыздарды жұртшылық сағынып-ақ қалыпты. Маңғыстау өңіріне келген ақжолтай пойыз түбектегі қызметін ел шетіндегі Түркіменстанмен шекаралас Болашақ станциясынан бастады.

Алты жүзден астам адамның басын құрайтын Болашақ кентінің тұрғындарына медициналық қызмет ауадай қажет-ақ еді. Шалғайдағы станцияда бар болғаны фельдшер қызмет көрсететін медпункт болмаса, басқадай медициналық қызмет жоқтың қасы. Сондықтан жылжымалы емхана қызметін пайданаушылар қарасы ә дегеннен мол болды, бүкіл Болашақ жұртшылығы станцияға лап қойды десек болады. Жас та, кәрі де тегін дәрігерлік қызметтен құр қалмауға тырысты. Негізінен әйелдер мен балалардың қарасы қалың еді.

Күні бұрын жасалған хабарламаның нәтижесінде таңертеңгі тоғызда кезекке тұрғандар қалаған мамандарына кіріп қаралуды бастады. Әсіресе ультрадыбыстық аппараттар көмегіне жүгінгендер көп болды. Жүрек-қан тамыр аурулары мен қан қысымы аймақта ең кең таралған аурулардың бірі ретінде тіркелді. Дәрігерлер табиғаты қатал, жазы өте ыстық та аңызақ далада қоныс тепкен болашақтықтардың дертіне шипа болуға тырысып, ем-дом белгілеп, ары қарай емделуге кеңес беріп жатты...

– «Жәрдем» пойызының мамандары станциямызда екі күн болып, тұрғындарды түгелге жуық қабылдады. Болашақ халқы өте риза болды. Бірінен соң бірі келіп, пойыздың алдын босатпады. Денсаулық жағдайын тексертіп, барлық заманауи аппараттар қызметін пайдаланды. Ауылда дәрігерлік амбулатория бар. Бірақ онда тек бір медбике жұмыс істейді. Дәрігер болмағандықтан ауыл тұрғындары басы ауырып, балтыры сыздаса, сол медбикеден жолдама алып, қаралуға қалаға сабылуға мәжбүр. Аудан әкімдігі мұнда келетін дәрігер табылмай тұрғанын алға тартады. Келетін маман болса Болашаққа жіберуге әзір екенін айтады. Сондықтан бұл пойыздың келуі біздің тұрғындар үшін өте қуанышты жаңалық, дер кезінде жеткен көмек болды, – дейді Болашақ станциясының бастығы Мақсат Нұрбеков.

Медпойыз Болашақта 26-27 мамыр күндері таңертеңгі сағат 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істеді. Осы уақыт аралығында пойыздағы жиырма шақты маманға станцияның 272 тұрғыны жүгінді. Оның 17-сі балалар, қалғаны ересектер еді. Пойыз одан әрі Жетібай станциясына жол тартты. Алда Қарақия, 10-бекет, Сай-Өтес, Үстірт, Тұрыш, Опорная станциялары тұр...

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл