«Жәрдем» медициналық пойызы Атырауға жетті

Жаңалықтар
14.06.2022, 10:14
©Rail-news.kz
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Жәрдем» мамандандырылған медициналық пойызы 13 маусымнан бастап Атырау облысының шалғайдағы станциялары мен оларға жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарын тегін медициналық тексеруден өткізеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Сонымен, «дөңгелекті емхана» мамандары 13-14 маусым Туманное, 15-16 маусым Аққыстау, 17-18 маусым Нарын, 19-20 маусым Исатай, 21-22 маусым Афанасьево, 23-24 маусым Ганюшкино, 25-26 маусым Жамансор, 27-28 маусым Мұқыр тұрғындарын таңғы 09.00-ден бастап кешкі 18.00-ге дейін қабылдайды. Жобаның басты мақсаты – медициналық қызметке қолы жетпейтін шалғай аудандардың тұрғындарын сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету.

«Шалғай ауылдарды аралап, тегін көмек көрсетіп жүрген мамандардың қатарында терапевт, педиатр, кардиолог, невропатолог, офтальмолог, гинеколог, хирург, уролог, маммолог және стоматолог бар. Биыл білікті мамандардың құрамы психолог және дерматовенерологпен толықты. Сонымен қатар биыл стоматологиялық құрылғылар да жаңартылды. Медициналық пойызда биохимиялық талдаулар, рентгенография мен флюорография, ішкі ағзалар мен тамырлардың УДЗ, электрокардиограмма, гастрофиброскопия және диагностикалық зерттеулердің басқа да түрлерін жүргізуге мүмкіндік бар», – дейді «Жәрдем» медициналық пойызының бас дәрігері Айнұр Егінбаева.

Өткен айдың 23-і күні Алматы-2 станциясынан аттанған «Жәрдем» пойызы бұған дейін Маңғыстау облысының шалғайда орналасқан 9 станциясын аралап келген еді. Мамандар ұсынған деректерге сүйенсек, Маңғыстау облысы бойынша 12 000-ға жуық дәрігерлік тексеру жүргізіліп, пойыз мамандары қаралушыларға консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсеткен. Әсіресе, халықтың басым бөлігі, яғни 2008 адам ЖПД/терапевт/педиатр дәрігерлеріне көп жүгінген. Одан кейін урологқа 1127 науқас, офтальмологқа 1099 науқас, невропатологқа 1004 науқас және хирург маманына 968 науқас келген. Пойыз дәрігерлері барлығы 1043 ЭКГ, 1087 УДЗ және 583 флюорография процедураларын өткізген. Сонымен қатар 77 шағын хирургиялық ота жасалған. Оның ішінде, тұрақты тісті жұлудың жеңіл түрі – 19 және тісті жұлудың күрделі түрі – 7, жараны дренаждау 51 мәрте жүргізілген. Ақ халатты абзал жандар тексеріс барысында қант диабеті, артроз және артрит, созылмалы пиелонефрит, артериялық гипертензия, омыртқаның остеохондрозы, созылмалы панкреатит және созылмалы холецистит, жатыр миомасы және жатыр мойны эрозиясы, простатит, глаукома, созылмалы бронхит және бронх демікпесі, сондай-ақ, флюоро нәтижесі бойынша туберкулез күдігі бар ауруларды анықтаған. Тіпті, дәрігерлердің көмегімен Қарақия станциясында 4-5 жастағы балалар сүндеттеліп, сондай-ақ №10 разъезде қиын жағдайға түскен сәбиге көмек көрсетілген. Және де олар сырқаты анықталған ауылдардың тұрғындарына жоспарлы ем алуға ауруханаға жату үшін жолдама берген.

Ауыл тұрғындары пандемиядан кейін тегін әрі сапалы медициналық көмек көрсететін пойызды үлкен үмітпен күткендерін жасырмады. Сондай-ақ медициналық пойыз дәрігерлеріне шынайы алғыстарын білдірді. Алдағы уақытта медициналық пойыз Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарын аралайды.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты