Шымкетте теміржолдағы экология мәселесі көтерілді

Жаңалықтар
14.06.2022, 10:41
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

5 маусым – Бүкіләлемдік экологтар күніне орай Шымкент ЖТ бөлімшесінде экологиялық және радиациялық қауіпсіздікке арналған республикалық семинар өтті. Шара мақсаты – жаңа ҚР Экологиялық кодексінің талаптары мен нормаларын түсіндіру.

Бөлімше директоры Амангелді Арысбаев жетекшілік еткен басқосуда қоршаған ортаны қорғау саласындағы, ҚР Экологиялық жаңа кодексінің енгізілуіне байланысты экологиялық нормалау, радиациялық қызмет жұмысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Маңызды семинарға астанадан арнайы барған «ҚТЖ» ҰК» АҚ Техникалық саясат департаментінің бас менеджері Сағат Қабиев, «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен оның еншілес ұйымдарының 2060 жылға дейінгі төмен көміртекті даму бағдарламасы» туралы баяндама жасап, scope 1, scope 2, scope 3 парниктік газдарды шығару есебінің әдістемесін түсіндірді. 

– Еліміздегі көптеген салаларға және көліктің басқа түрлеріне қарағанда, теміржол көлігі анағұрлым экологиялық таза болып саналады. Халықаралық теміржол одағының деректеріне сүйенсек, теміржол көлігінен бөлінетін парниктік газдар үлесі АҚШ пен Еуразиялық одақ экономикасында 2,4 және 2,9 пайызды құрайды. Жылжымалы құрамдар бойынша парниктік газдардың тікелей бөліну көздеріне тепловоз, дрезина, автокөліктер жатады. Компанияда осы газды бөлудің негізгі көзіне пойыздар тартатын локомотивтер кіреді. Тепловоздардың инвентарлық паркінде былтырғы есеп бойынша 1285,5 локомотив болды, соның 555,5-і магистральдық тепловоз болса, 730,5-і маневрлік локомотив. Парктегі электровоздар саны – 559 бірлік. Сол сияқты компанияда парниктік газды бөлетін 4258 стационарлық көз бар, оның ішінде газ қолданылатыны 70, дизель отынымен жұмыс істейтіні – 25, көмір қолданылатыны – 174, электр энергиясымен істейтіні – 976 және пеш жағылатын 3013 ғимарат бар, – деді Сағат Қабиев. 

Сонымен қатар ол болашақта Қазақстан теміржолы компаниясының осы бағыттағы жұмыстарымен бөлісті. Соның ішінде қазір сынақ кезеңінен өтіп жатқан жаңа технологияларды қолдану, көміртек бейтарапты энергия ресурстар қолдану арқылы темір жол желілерін электрлендіру, жаңартылған энергия көздерін қолдана отырып ғимараттар мен құрылыстарға күрделі жөндеу жүргізу және тағы басқа жаңашылдықтар болатынын жеткізді. 

Семинарда компанияның Еңбек және экология қауіпсіздігі бойынша инспекциясының өкілі Лаура Омарова компанияның қазіргі экологиялық қауіпсіздік жағдайына тоқталып, бұл саладағы ішкі бақылау нәтижелерімен бөлісті. Сонымен қатар семинарда экология модулін «Өндірістік қауіпсіздіктің біріктірілген жүйесі» автоматтандырылған жүйесіне енгізу мәселесі де сөз болды. Семей ЖТ бөлімшесінің экологы Ерлан Салиев ҚР Экологиялық кодексінің экологиялық шығын, ремедиация және ремедиация бағдарламасын әзірлеу мәселелеріне қатысты талаптарын түсіндірді. 

«Біз семинар барысында жұмысымызға тікелей қатысы бар мол мағлұмат алдық. Пікір алмасып, тәжірибе бөлістік. Мұндай іс-шаралардың ұйымдастырылуы білім-біліктілігімізді арттыруда маңызы зор», – деп өз пікірін білдірді Шымкент ЖТ бөлімшесінің қоршаған ортаны қорғау инженері Хамит Сматов.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті