Теміржолдағы жолаушылар тасымалы ел өңірлері арасында тек көлік қатынасын ғана емес, сонымен қатар ішкі туризмді дамытуға үлес қосуда.
Бұл саланы одан әрі дамыту мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ интермодалды тасымалға көшуге бастама көтеріп отыр. Яғни, жолаушыларға оңтайлы бағдар жасауда бірнеше көлік түрлері біріктірілетін болады. Мәселен, жолаушы А нүктесінен Б нүктесіне дейін жолға шыққан жағдайда, оған әртүрлі көлік түрлерімен, халықаралық автобустар, теміржол және әуе жолы көлігі арқылы аталған бағдар бойынша жету жолы ұсынылады. Айталық, Нұр-Сұлтан қаласынан Алматыға пойызбен жеткен жолаушы пойызға алған билетімен қала ішіндегі автобус арқылы діттеген жеріне жетіп ала алады.