Ардагер Сарыағаш бекетіне Дінмұхаммед Қонаев есімін беруді ұсынды

Жаңалықтар
29.06.2022, 11:06
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жақында редакциямызға Түркістан облысы Арыс қаласынан хат келіп түсті. Хат авторы, бүгінде зейнеттегі Құрметті теміржолшы Тәуекел Әділбеков төл газетіміз арқылы өз ұсынысын жеткізгісі келетінін жазады.

  Автор Мемлекет басшысынынң шешімімен Қапшағай қаласына ірі мемлекет қайраткері, қазақтың біртуар ұлы Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілгенін қуана қабыл алғандарын жеткізген. Сонымен қатар, ол теміржол бойында Қонаев есімімен байланысты бірде-бір нысан жоқтығын еске салып, Өзбекстанмен шекаралас Сарыағаш бекетіне Д. Қонаев есімін беру туралы ұсыныс айтады. Бұл ұсынысты ардагер бірінші рет қозғап отырған жоқ. 

«Кезінде өзім төл газетіміз «Қазақстан теміржолшысы» газетіне, нақты айтқанда, 2004 жылғы №34 санына «Аманат айтсам деп едім», 2006 жылы №47 санына «Тоғай толғанып болғанда», 2008 жылы №103 санында «Ұсыныс қолдау тапса игі» деген тақырыптарда мақалалар жаздым. Сол кезде мен Өзбекстан темір жолы қарамағында өгей күй кешкен Шеңгелді-Сарыағаш, Жетісай-Мақтаарал темір жолдарының жай-күйін көтеріп, Сарыағаш бекетіне Қонаев есімі берілсе деп жазғанмын. Енді қанша жыл өткеннен кейін сол ұсынысымды тағы қайталап, көпшіліктен қолдау табар деп үміттенемін», – деп жазады хат иесі.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті