«Самұрық-Қазына» АҚ Нealth & safety форумын ұйымдастырды

Жаңалықтар
01.07.2022, 11:18
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Самұрық-Қазына» АҚ тарихында алғаш рет Нealth & safety форумы ұйымдастырылды. Форум еңбек қорғау, өндірістегі қауіпсіздік, қорға қарасты компаниялар қызметкерлерінің денсаулығын сақтауға арналды. Іс-шараға «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев қатысып, баяндама жасады.

Форумға қатысқан қордың 12 ірі компаниясы қатарында ҚТЖ, КМГ, KEGOC, Samruk Energy т.б. бар. Қорда биылғы жыл Қауіпсіздік пен еңбек қорғау жылы ретінде жарияланып отыр. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшысы Алмасадам Сәтқалиев қор тобындағы компаниялар басшыларына жұмысшыларының денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жеке жауапкершілікте болуды тапсырды. ОРІТО стратегиялық даму вице-президенті Ричард Робертс еңбек қорғау бойынша халықаралық тәжірибемен бөлісті.

«Самұрық-Қазына» АҚ компанияларында нөлдік жарақат алушылық Тұжырымдамасына енгізетін тиімді тәжірибелер» тақырыбында «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері – техникалық саясат департаменті директоры Батыр Котырев баяндама жасады. Оның айтуынша, соңғы 10 жылдағы жарақат алушылық динамикасы көрсеткендей жарақат алу деңгейі болмашы ғана төмендеген. Ал жұмысшының қауіпсіздік ережелерін сақтаудағы санасын арттыруға бағытталған қауіпсіздіктің жаңа құралдары тиімділігін беру үшін біраз уақыт қажет етіледі.

«Келеңсіз жағдайлардың орын алуына кедергі жасауда инженерлік-техникалық шешімдер анағұрлым тиімді болатынын атап өткім келеді. Бұл бәріне белгілі «Швейцариялық ірімшік моделі» арқылы расталады. Біздің компания үшін бұл «адами факторды» шектеп, өндірістік кешен өнімділігін арттыру, оны пайдалануда қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне жетуге мүмкіндік беретін жаңа техникалар мен технологияларды көптеп енгізу дегенді білдіреді. Мысал ретінде «Техникалық көзқарас, маневрлік жұмысты қашықтан басқару» жүйесін енгізуді алуға болады. Келеңсіз оқиғаларды болдырмауда инженерлік-техникалық іс-шараларды ең басты «кедергі» ретінде белгілеп, оны жыл сайын жүзеге асыруға тиісті қаржы бөлуді ұсынамын», – деді Батыр Котырев.

Сөз соңында ол теміржолшылардың жарақат алмай жұмыс істеуге болатынына сенетінін жеткізді. Бұған дәлел ретінде ол қазіргі таңда ұлттық компанияның 81 өндірістік кәсіпорыны 20 жылдан астам уақыттан бері жарақат алу жағдайына жол бермей жұмыс істеп келе жатқанын алға тартты. Сондай-ақ ол Vision Zero 7 алтын ережесін сәтті жүзеге асыру «нөлдік жарақат алу» жағдайын жасауға септік етеріне сенім білдірді.

Форум қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы компанияларда өндірістік қауіпсіздікті арттыру бойынша жеті нақты тапсырма берді. Соның ішінде еңбек қорғауға арналған цифрландыруды енгізуді қолдау, құралдармен және станоктермен жұмыс істегенде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жұмысшылар қауіпсіздігі бойынша әлеуетті тәуекелдерді анықтау туралы айтылды.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті