Қазақстан еуропалық стандарт бойынша вагондар шығару үшін швейцариялық компанияны тартпақ

Жаңалықтар
05.07.2022, 10:16
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елімізде еуропалық стандарттар бойынша жеңіл вагондар шығаруды ұйымдастыру үшін швейцариялық Stadler Rail компаниясын тарту мәселесін қарастыруда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Көлік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қасым Тілепов айтты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Көлік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қасым Тілепов теміржол көлігі арқылы жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мәселесіне қатысты ахуалды былай деп сипаттады:

– Бүгінде Қазақстан аумағында 130-дан астам жолаушылар пойызы қызмет көрсетеді. Жылжымалы құрам паркінде 2 мың 600 жолаушы вагоны бар. Вагондардың орташа тозу деңгейі 46 пайызды құрайды. Соңғы 10 жылда 1 мың 100 жаңа вагон, оның ішінде 600-ге жуық «Тұлпар-Тальго» вагоны сатып алынды. Биылғы жылы тағы 73 вагон сатып алынбақ, – деді ведомство өкілі.

Ол сондай-ақ, 900-ден астам вагонның пайдалану мерзімі 30 жылдан асып кеткенін және мұндай тозығы жеткен вагондар сұраныстың өсуі кезінде, әсіресе, жаз айларында пойыздарға тіркелетінін атап өтті. Бұл түйткілді мәселенің түйінін тарқату үшін министрлік еуропалық технология бойынша отандық жолаушылар вагоны өндірісін ұйымдастыруға мүдделілік танытып отырғаны белгілі болды.

«Бизнесті, атап айтқанда, жолаушылар паркін жаңарту бойынша тасымалдаушыларды қолдау және ынталандыру мақсатында жолаушылар тасымалын субсидиялау, жолаушылар вагондарын сатып алу кезінде сыйақы мөлшерлемелерін беру бойынша шаралар қабылдануда. Сондай-ақ, елордада еуропалық стандарттар бойынша жолаушылар вагондарын өндіруді ұйымдастыру үшін швейцариялық «Штадлер» компаниясын тарту мәселесі пысықталуда. Осы компаниямен бірлесіп 537 жаңа вагон шығару көзделіп отыр», – деді Қасым Тілепов. 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға