Қазақстан мен Қытай арасын жалғайтын үшінші теміржол өткелі салына ма

Жаңалықтар
08.07.2022, 16:46
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан мен Қытайды екі теміржол торабы байланыстырады. Алғашқы болып Қазақстанда 1991 жылы іске қосылған Достық – Алашаңқай және 2012 жылы салынып, пайдалануға берілген Алтынкөл – Қорғас теміржол өткелдері арқылы жүк тасымалы жылдан жылға ұлғайып жатыр. Сонымен қатар, Қазақстан мен Қытай арасын жалғайтын үшінші трансшекаралық теміржол салу туралы мәселе көтерілуде...

Бұған әсіресе, Қытай тарапы мүдделі көрі- неді. Жақында бұл туралы Бейжіңде өткен X бейбітшілік форумында Қытайдағы Қазақстан елшісі Шахрат Нұрышев мәлімдегенін қытайлық ресми ақпарат көздері жазды. 

Қазақстан елшісі Қазақстан мен Қытай арасында үшінші шекаралық теміржол салынатынын, алайда оның нақты қай жерден өтетінін, қашан құрылысы басталатыны жайлы ештеңе демеген. Кеме қатынасындағы қазіргі проблемаларға байланысты Қытай мен Еуропа арасында теміржол көлігіне сұраныстың арта түскенін еске салған Қазақстан елшісі форумда сөз болған Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан темір жолының құрылысына қатысты да өз көзқарасын білдірді. 

Еске сала кетсек, Қытай мен Қазақстан арасында үшінші теміржол өткелі жайлы 2017 жылы да сол кездегі ШҚО әкімі Даниал Ахметов те үкіметтің кеңейтілген отырысында мәселе көтерген еді. Сол кезде Қытайдың ұсынысымен екі мемлекет үшін де тиімді болатын Қарамай (ҚХР) – Тачен (ҚХР) – Аягөз (ҚР) транзиттік теміржол құрылысының жобасы әзірленіп жатқаны айтылған. Бұл – Қытайдан Еуропаға жететін ең жақын жол болатыны сөз болған. 

Ал 2018 жылы Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданы Тачэн (Шәуешек) округі ресми делегациясының ШҚО-да өткен арнайы жұмыс сапарында да қытайлықтардың бірінші кезекте көтерген мәселесі Шәуешек – Аягөз теміржолын салу болған еді. Алайда шекаралық сауда аумағын дамыту, транзиттік жүк тасымалын арттыру, туризмді өркендету бойынша берері мол саналатын бұл жоба қарастырылуда ма, жоқ па, болашағы қандай, әлі белгісіз күйде отыр. Айта кетсек, Аягөз станциясы мен Шәуешек қаласының аралығы небары 270 шақырым ғана екен.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті