Жолаушылар пойыздарындағы қызмет көрсету сапасы тексерілуде

Жаңалықтар
12.07.2022, 11:45
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚР Индустрия және инфрақұрылым министрлігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментімен бірлесе жолаушылар пойыздарында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында арнайы тексеру жүргізуде.

Қыркүйек айына дейін жалғасатын шара барысында бірқатар кемшіліктер анықталған. Әсіресе, пойыздардың техникалық жай-күйімен қатар тасымалдау кезіндегі қауіпсіздікке жіті назар аударылып отыр. Айталық, биыл өткен алғашқы бес айда темір жол саласындағы 220 кәсіпорынға тексеру жүргізілген. Соның нәтижесінде 4 091 бұзушылық анықталып, жылжымалы құрамның 47 бірлігін пайдалану тоқтатылған. 

Сондай-ақ аумақтық көліктік бақылау органдары 200 жолаушылар пойызын тексеріп, жолаушыларды тасымалдау қағидаларының талаптарын бұзуға қатысты 431 кемшілік анықтаған. Билетсіз жолаушыларды тасымалдауға қатысты 33 оқиғаның жолы кесіліп, 31 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілген. Қазіргі таңда жолаушылармен кері байланыс орнату және тасымалдау кезіндегі сапаны арттыру мақсатында Көлік комитетінің Ахуалдық орталығының базасында тәулік бойы арнайы Whatsapp нөмірі жұмыс істейді. Биылғы алты айда аталған желіге мыңнан астам өтініш пен шағым келіп түскен.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті