Ескі паровозды Тараз вокзалына тарту етпек

Жаңалықтар
27.07.2022, 10:50

Биылғы жыл теміржолшылар үшін айтулы даталарға бай. Атап айтқанда, Қазақстан темір жолының құрылғанына – 25 жыл, Салалық теміржолшылар кәсіподағына 30 жыл толып отыр.

Осыған орай Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің ұжымы жақсы бастама көтеріп, бұған дейін Жамбыл локомотив пайдалану депосының ауласында тұрған ескі паровозды көне шаһарға тарту етуді ұсынып отыр. Бұл бастамаға депо қызметкерлері де қолдау көрсетуде.

2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту тұсында Тараз вокзалы жөндеуден өтіп, айналасы толық абаттандырылған. Бүгінгі күні ондағы аллеяда тұрған ескерткіштер көздің жауын алады. Қаланың бас қақпасы іспетті Тараз вокзалынан күнделікті қаншама жолаушылар пойызы өтеді. Қалаға келген-кеткен жолаушылар да аллеядағы ескерткіштерге қызыға қарап, тамашалайтынын жергілікті теміржолшылардың өздері айтуда. Сондықтан, жамбылдық жеті мыңға жуық теміржолшылардың мақтанышы болған ескі паровоз Тараз вокзалының алдындағы алаңнан орын алса, көне шаһардың көркін одан сайын арттыра түспек. Әрі қаланың серпінді дамуына ықпал етіп отырған «Қазақстан темір жолы» компаниясының оң имиджін қалыптастырмақ. Осы ұсынысын қала әкімдігіне арнайы хатпен жеткізген Жамбыл бөлімшесінің басшылығы, бүгінгі күні қалалық сәулет және құрылыс бөлімінің мамандары ескерткіш-паровозды қоятын орын таңдап жатқанын жеткізді. Ал келешекте «көненің көзін» мәдени ескерткіштер тізіміне алу мәселесі де қаралмақ.

– Тараз шаһары – бүгінде индустриялық және туристік орталыққа айналған тарихи қала. Сондықтан біздің ұсынысымызды қолдап отырған қала әкімдігіне алғыс айтамыз. Енді, тұратын орны анықталатын болса, паровозды алып келіп орнату еш қиындық туғызбайды деп ойлаймын. Сондай-ақ, облыс орталығында қаншама ардагерлеріміз тұрады. Олардың қатарында уақытында паровоздың тізгінін ұстаған машинистеріміз де бар. Сондықтан, көненің көзіне айналған ескі жәдігердің локомотив депосының ғана ауласында тұрмай, қаланың көрнекі жерінде тұрғаны дұрыс деп шешім қабылдадық, – дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Жамбыл бөлімшесі филиалының директоры Молдахмет Қожабеков.

– Қала қақпасы саналатын вокзал алдында теміржолшылар еңбегіне қатысты символдың болуы – өте қажет дүние. Расында, еліміздегі теміржол тартылған қалалардың көбінде вокзал алдына осындай паровоз ескерткіштерін көреміз. Бұл – тарих! Ал тарих ұмытылмауға тиіс. Біздің өңірде қаншама теміржолшылар буыны қалыптасты, қаншама династиялар өсіп шықты. Кешегі Түркістан-Сібір, мұндағы Шу-Мойынты, бүгінгі Отар-2 жол құрылысына қатысқан теміржолшылар құрметіне ескі паровоздың вокзал алаңынан орын алғаны – құптарлық іс, – дейді Жамбыл бөлімшесінің жүк тасымалын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Болат Әбдуов.

Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы