Жол-көлік оқиғасы азаймай тұр...

Жаңалықтар
29.07.2022, 15:45
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жыл басынан бері еліміздің магистральдық желі бойындағы теміржол өткелдерінде 16 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Автокөліктердің пойызбен соқтығысу салдарынан жылжымалы құрам 2 рет жолдан шығып кеткен.

Барлық апаттың себебі біреу – автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуы. Осыған байланысты Магистральдық желі дирекциясы көлік жүргізушілерімен және автошаруашылық басшыларымен теміржол өткелдерінде ереже бұзушылықты болдырмау үшін алдын алу жұмыстарын жүргізіп келеді. Мәселен, «Назар аударыңыз – өткел!» тақырыбында қауіпсіздік айлықтары өткізіліп, теміржол өткелдерінде аншлагтар орнатылған, сондай-ақ, жүргізушілерге теміржол өткелдері арқылы өту ережелері егжей-тегжейлі түсіндірілген буклеттер таратылып тұрады. Өткен алты ай ішінде 371 автошаруашылықта жиындар өтіп, 77 221 жүргізуші магистральдық желіні кесіп өту ережелерімен танысты. 

«Алайда, Дирекция қабылдап жатқан шаралар біз күткен нәтиже бермей отыр, автокөлік жүргізушілері мен бөгде адамдар темір жолдарда қауіпсіздік ережелерін бұзуды тоқтатар емес. Осылайша, олар өз өмірлеріне ғана емес, өзгенің де өміріне қауіп төндіруде. Олардың бұл әрекеті «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінде қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жиынтығын құрайды», – дейді Магистральдық желі дирекциясы директорының қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Бахытбек Алдажаров. 

Оның айтуынша, жол-көлік оқиғаларының 3 жағдайында автокөліктің тежегіш жүйесі істен шыққан. Жалпы жол-көлік оқиғаларының өткелдерде пойыздар кідірісіне алып келетіні өз алдына, Компания инфрақұрылым мен жылжымалы құрамның зақымдалуына байланысты айтарлықтай қаржылық шығынға ұшырап отыр. Мысалы, өткен жылы Арқалық-Шұбаркөл учаскесінде КАМАЗ автокөлігімен соқтығысқаннан кейін локомотивті қалпына келтіру шамамен жарты миллиард теңгені құраған.

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға