«Жас темір» жобасы жеңімпаздары тәлімгерлерімен танысты

Жаңалықтар
02.08.2022, 08:59
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Кеше «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында «Жас темір» жобасы жеңімпаздарының тәлімгерлерімен танысу рәсімі өтті.

«Жас темір» – «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да еңбек жолын бастағысы келетін дарынды жастарды іріктеу, тарту және дамыту бағдарламасы. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Жас Өркен» жас мамандарды дамыту бағдарламасын тираждау мақсатында құрылған. Оның шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелерінде басшылар тәлімгерлігімен қатысушыларды конкурстық іріктеу және тағылымдама бағдарламасы көзделген еді. Конкурсқа 2020-2021 жылдары теміржол мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітірген жастар қатысып, төрт кезеңнен: мотивациялық эссе жазу, біліктілік тестілеуінен өту, құзыреттілігіне қатысты сұхбат барысында сұрақтарға жауап беру және конкурстық комиссиядан өтуі тиіс болды. Адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Жанар Бейжанова, 40-қа жуық адам қатысқан «Жас темір» бағдарламасының бес жеңімпазы іріктеліп отырғанын, енді олар жеке тәлімгерге бекітіліп, негізгі мамандығы бойынша 3 ротациядан өтетінін атап өтті. Сонымен қатар тағылымдамадан өту барысында жоба жеңімпаздары Компания есебінен жатақханада тегін тұрып, оларға ай сайын жалақы жүреді екен, екі рет сый- ақы алмақ. Ең бастысы, дамудың жеке жоспарын және мақсаттарын жоспарлау, сондай-ақ, кәсіби мамандармен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болмақ.  

– Бағдарлама аясында қатысушылар «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының құрылымдық бөлімшелерінде ротациялардан өтеді. Әрбір ротация 5 айға созылады. Әрине, бұл тәлімгерлер 1,5 жылдан кейін міндетті түрде Ұлттық компанияға жұмысқа қабылданатын болады. Бәлкім, біреулері өндірістік жұмыстарға тез бейімделіп, меңгеріп кетіп жатса, ертерек орнығуы да мүмкін, – деген Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Сәуле Истлеева тәжірибеден өтушілерге сәттілік тіледі.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты