ҚТЖ басшысы теміржолшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады

Жаңалықтар
03.08.2022, 10:29

ҚҰРМЕТТІ ТЕМІРЖОЛШЫЛАР! ҚАДІРЛІ САЛА АРДАГЕРЛЕРІ!

Сіздерді Көлік қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Теміржолшылар үшін тамыздың алғашқы аптасында аталып өтуі дәстүрге айналған төл мерекелеріңіз сіздерге көтеріңкі көңіл-күй мен құт-береке сыйласын. 

Еліміздің жүк және жолаушы тасымалының басым бөлігін қамтамасыз етіп отырған теміржолшылар еңбегі қашан да айрықша құрметке ие. Мәртебелі мамандық иелерінің жасампаз еңбегі ғасырдан асатын тарихы бар отандық темір жол көлігінің шежіресіне алтын әріппен жазылған.

Биылғы жылы аталып отырған «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының 25 жылдығында қол жеткізген жетістіктер сол аға буынның даңқты еңбек жолын лайықты жалғастырып отырған бүгінгі теміржолшылар еңбегінің нәтижесі екені де айқын. 

Бүгінгі таңда ел экономикасын алға сүйреген локомотив деген атқа лайық, еліміздегі ең ірі ұлттық компанияда еңбек ететін жүз мыңнан астам теміржол қызметкерлеріне салаға сіңірген адал еңбегі мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жауапкершілігі, ерлікпен пара-пар қайраты мен қаһармандығы үшін шын жүректен алғысымды білдіре отырып, отбасыларына амандық пен саулық, еңбек жемісі мен толағай табыс тілеймін.

Құрметпен,

Нұрлан САУРАНБАЕВ,

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы

Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы