Астана белгі беру және байланыс дистанциясы - тоқсан жылдық тарих

Жаңалықтар
05.08.2022, 10:59
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астана белгі беру және байланыс дистанциясы төл мереке қарсаңында 90 жылдық мерейтойын атап өтті. Қос мереке қатар келген салтанатты жиында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, мекеменің еңбек озаттары түрлі марапаттарға ие болды. Дистанциялықтарды бір кездері осы мекемеде еңбек жолын бастаған «ҚТЖ» ҰК» АҚ Бас инженері Батыр Котырев арнайы құттықтап барды.

Жиында дистанцияның құрылғаннан бастап күні бүгінге дейінгі тарихы арнайы дайындалған бейнеролик арқылы жұртшылық назарына ұсынылды. Бүгінде 320 адам еңбек ететін дистанция қызметі СЦБ, байланыс, радиобайланыс және КТСМ құрылғыларының ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Себебі бұл құрылғылардың дұрыс жұмыс істеуі – теміржолдағы пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің ең басты кепілі. Дистанция директоры Артур Сарсенғалиев тоқсан жылдық бай тарихты жасауға атсалысқан тұлғаларға арнайы тоқталып өтіп, мекемені 2001-2004 жылдары басқарған Батыр Котыревқа сөз берді. Елорда мен оның маңайындағы станциялардың теміржол саласының жұмысын үйлестіріп, белгі беру және байланыс жүйелерімен қамтамасыз етіп отырған дистанция еңбегіне жоғары баға берген компанияның бас инженері әріптестерін қос мерекемен қатар құттықтады.  

– Мәскеуде теміржолдың жоғары оқу орнын бітіріп, 1994 жылы осы дистанцияда электромеханик болып еңбек жолымды бастағаным күні кеше секілді. Мұндағы жұмыс тәжірибем маған алдағы қызмет жолым үшін үлкен мектеп болды, білім мен білігімді шыңдады. Кейін өзім басшылық еткен жылдары дистанцияға жаңа технологиялық жабдықтар алып, автоматтандырылған жұмыс жүйесін дамытуға атсалысқанымды мақтанышпен айта аламын. Сондықтан бұл қара шаңырақ мен үшін қашан да ыстық және орны бөлек, – деді өз сөзінде Б.Котырев.  

Мерекелік жиында «Астана белгі беру және байланыс дистанциясына 90 жыл» төсбелгісімен 30 ардагер, 70 қызметкер марапатталды, бұл төсбелгі сонымен қатар Батыр Котыревке, «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының Автоматика және телемеханика департаменті директорының орынбасары Аманжол Әміренов пен осы департаменттің бөлім басшысы Дәуір Тойбаевқа да берілді. 20 теміржолшыға дистанция басшылығы атынан Құрмет грамотасы тапсырылды. «Үздік басшы» атағына дистанция директоры Артур Сарсенғалиев, «Құрметті теміржолшы» белгісіне электромеханик Бекболат Молдашев, «ҚТЖ-25 жыл» төсбелгісіне дистанция директорының орынбасары Шоқан Баймолдаев, «Кәсіподақтың 30 жылдығы» медаліне Елубай Ысқақов, «Адал еңбегі үшін» төсбелгісіне Малдыбек Қасымбеков сынды қызметкерлер ие болды. 

Мекеме ауласында киіз үй тігіліп, келген қонақтар мерекелік дастарханнан дәм татты. Салтанатты жиынды өткізуге мекеме кәсіподағы комитетінің төрағасы Қуаныш Сайымов бастаған қызметкерлер атсалысты.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті