Ұлттық компанияда «ҚТЖ» ҰК» АҚ реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызмет туралы есептің жария тыңдаулары өтті. Жыл сайын өтетін дәстүрлі шараға мемлекеттік органдар өкілдері және қызметті тұтынушылар қатысты.
COVID-19 карантиндік шараларының қолданыста болуына байланысты көпшілік тыңдау конференц-байланыс режимінде, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қ.Әлмағамбетовтің төрағалық етуімен өткен жиында Компанияның 2022 жылғы 1 жартыжылдықта табиғи монополиялар саласындағы қызметтерді ұсынуы бойынша қызметі және ағымдағы жылдың 2 жартыжыл- дығына арналған негізгі міндеттері туралы есебі тыңдалды.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының экономика жөніндегі атқарушы директоры Ерлан Қизатов өз сөзінде Компания қызмет тиімділігін арттыру үшін тұтынушыларымен қарым-қатынаста ашық саясат жүргізетінін атап көрсетті. Ол магистральдық темір жол желісі қызметтерін көрсету саласындағы жұмыс көрсеткіштері, көрсетілген қызметтер көлемі мен сапасын орындау, инвестициялық бағдарламаларды іске асыру, негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу және қызметті дамыту перспективалары туралы хабардар етті. Сондай-ақ, тарифтік сметаның тармақтар бойынша орындалуы және қызмет тұтынушыларымен жүргізілетін жұмыс туралы мәлімет берді.
Мәселен, реттелетін қызметтердегі жүк айналымы (экспорт, импорт, ішкі қатынас) 100 092 млн т-км құраса, магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінен түскен кірісі 179,3 млрд теңгені құраған. Уақытша теңгерімді төлем 4,9 млрд теңге екен. Ал 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында реттелетін қызмет- тер бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 42,1 млрд теңгеге жеткен. Сондай-ақ кірме жолдарды ұсыну, электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтер туралы есеп те көпшілік назарына ұсынылды. Негіздемелері бар толық есеп www.railways.kz сайтының «Инфрақұрылым» бөлімінде орналастырылған.