Ел экономикасының локомотиві

Жаңалықтар
09.08.2022, 12:05
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбелік теміржолшылардың ерен еңбегі нәтижесінде биылғы жеті айда аймақтағы жүк тасымалының көлемі 105 пайызға жетті. Ел экономикасында елеулі орын алатын сала қызметкерлерінің жетістігі кәсіби мерекеге орай өткен жиында паш етілді.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Батыс аймақтық филиалының басшысы Бөріхан Беркімбаев көпшілікті компанияның 25 жылдығымен құттықтап, ширек ғасыр ішінде ел экономикасын дамытуға орын берген жұмыстарды атады.

– Төл мерекемізге жақсы көрсеткішпен келдік. Қазір жүк айналымы жеті айда 105 пайызға орындалды. Жүк тиеу көрсеткіші 82 пайызды құрап отыр. Мұның бәрі – үлкен жұмыс, сіздердің еңбектеріңіз. Құрметті әріптестер, баршаңызды мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, еңбекте абырой, отбасыларыңызға амандық тілеймін, – дейді Бөріхан Сматуллаұлы.

Жылы лебізге толы құттықтаулардан кейін үздік шыққан теміржолшылар марапатталды. Атап айтсақ, Ұлттық компания басшысы Нұрлан Сауранбаевтың бұйрығымен мінсіз, адал қызметі, теміржол саласының дамуына қосқан айтарлықтай үлесі үшін «Пойыздар қозғалысын басқару орталығының тартымдық жылжымалы құрам жөніндегі бөлім бастығы Космонавт Шөмекеев, Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі филиалы директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Хадиша Жұмабекова, «Батыс» филиалының техникалық бөлім бастығы Айболат Дарбаев, Шалқар электрмен жабдықтау дистанциясының бас инженері Бақытбек Ешманов, Дөң станциясының бастығы Нұржан Ақшаев «Адал еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталды. Өндірістік-шаруашылық қызметте жоғары нәтиже көрсетіп, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясы мен Ақтөбе белгі беру және байланыс дистанциясы ұжымдары «Салалық жарыстың жеңімпазы» байқауының жүлделі дипломдарымен марапатталды.

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға