Қоғамдық бақылау қажет

Жаңалықтар
10.08.2022, 11:22
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Үстіміздегі жылдың жеті айында Компания жұмысының қорытындысы бойынша пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің жағдайы біршама жақсарған деуге болады. Қозғалыс қауіпсіздігі департаменті мамандарының айтуынша, қабылданған шаралар нәтижесінде жалпы бұзушылық саны 71-ден 63 бірлікке немесе 12% дейін төмендеген.

Бұзушылықтардың төрттен бір бөлігінен асатын үлесін, яғни 27%-ын Компанияның негізгі қызметіне қатысы жоқ сырттағы факторлар құрап отырған көрінеді. Бұл темір жол бойында жол жүру ережесін өрескел бұзу салдарынан бөгде адамдардың пойызға басылып қалуы, теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғалары, жолға бөгде заттардың қойылуы, сырттан келген адамдардың жолдың үстіңгі құрылымы материалдарын ұрлау әрекеттері, сондай-ақ, қолайсыз ауа-райы жағдайлары болып отыр. Осы арада, қабылданған қатаң шаралар нәтижесінде биылғы жеті айда адамдардың пойыз астына түсіп қалу оқиғасының өсуіне жол берілген жоқ, яғни көрсеткіш өткен жыл деңгейінде қалды.

– Теміржолда адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының негізгі себептері – суицид, жаяу жүргіншілердің абайсыздығы, темір жол бойын «серуен» орнына айналдыратындар, қала берді, құлаққап тағып алып жүретін жастар. Олардың бейқамдығы соншалықты, локомотивтердің алыстан шыңғырған дабылын да естімей, пойызға қағылып, қатты жарақат алып немесе қаза болып жатады. Сонымен қатар жасөспірімдер мен балалардың теміржолды және оның жақын маңын ойын алаңына айналдырып, селфи түсіру үшін немесе қызық көріп вагон үстіне шығып ойнауы да алаңдаушылық тудырады, – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің бас менеджері Ниязбек Жаңабаев.

Адам өмірінің құндылығын ескере отырып, Ұлттық компания теміржол бойында адамдардың пойыз астына түсіп қалған оқиғасын егжей-тегжейлі тексеріп, мұндай жайттарды қайталанбауы үшін барынша алдын алу шараларын қабылдап келеді. Тіпті, осы мақсатта Компания мемлекеттік қызметтермен және өкілетті органдармен бірлесе отырып, ведомствоаралық «Жол картасы» жобасын әзірлеп, жүзеге асыруда. Және де осы мәселеге қатысты «Самұрық-Қазына» инвестициялық холдинг алаңында теміржол нысандарында өндірістік емес жарақаттанудың алдын алуға арналған брифинг те өтті.

Десек те, үстіміздегі жылы өткен жылға қарағанда, жол-көлік оқиғасы деңгейінің артқаны байқалады. Мәселен, былтыр есепті мерзімде 12 оқиға орын алса, биыл жол-көлік оқиғасының 16 фактісі тіркеліп, соның салдарынан 3 адам қайтыс болды. Бұл жайттардың бәрінде көлік жүргізушілері Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған.

– Темір жолдағы адамдардың қауіпсіздігі проблемасын – құқық қорғау органдарының, атқарушы биліктің бақылаушы мемлекеттік органдарының, Компанияның құрылымдық бөлімшелерінің бірлескен күш-жігерімен және олардың тиімді өзара іс-қимылымен ғана шешуге болады. Және де міндетті қоғамдық бақылау қажет! – деген ҚТЖ өкілі адамдарды өз өмірін сақтауға және қауіпті аймақта қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты