Жолаушыларға үндеу жасады

Жаңалықтар
11.08.2022, 09:56
Оқуға 2 мин

ҚР Индустиря және даму министрлігінің көлік комитеті теміржол қызметін пайдаланатын жолаушыларға үндеу жасады. Биылғы жазда жолаушылар тасымалы өсіп, теміржол көлігіне сұраныстың артуына байланысты салада көрсетілетін қызметтердің сапасы да өзекті болып отыр.

Жаз маусымында, әрине, ертерек қам жасағандар болмаса пойызға билет табу қиынға айналады. Кассада жоқ билет алыпсатарлар қолынан табылып жатады... Министрлікке осы мәселеге байланысты шағымдар көбейген.

Көлік комитетінің тапсырмасымен алыпсатарлық фактілерінің жолын кесу мақсатында аумақтық бөлімшелер Көлік полициясы мен Мемлекеттік кіріс департаменті өкілдерімен бірлесіп вокзалдарда рейд жүргізуде. Осы жылдың басынан бері «Жолаушылар тасымалы» АҚ 11 миллионнан астам билет сатқан, оның ішінде онлайн сату үлесі 70%-ды құрады. Электрондық билеттерді сатудың ұлттық жүйесіне көшумен 15 интернет-сайт, 30 мыңға жуық өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтары, пошта бөлімшелері арқылы сатуды ұйымдастыру жолымен өткізу арналары кеңейтілді, сондай-ақ билеттерді қайта сату бойынша олқылықтарды болдырмау мақсатында 2019 жылдан бастап орындарды «ұстап алу» мүмкіндігі жойылып, электрондық «күту парағы» қызметі және орынды брондау фактісін растау бойынша SMS-хабарламалар жүйесі енгізілді. Қайтару кезінде билет жүйеге түсіп, автоматты түрде алдымен «күту парағына» жіберіледі, яғни тапсырылған билетті бірден сатып алу мүмкін емес. Ал күту тізіміне кезек адами факторсыз автоматты түрде жасалады. Теміржол билеттерін сатудың заманауи электрондық жүйесі авторизацияланған пайдаланушыларға басқа жолаушыға билеттерді қайта ресімдеуге мүмкіндік бермейді. Биыл 6 айда күту парағын 196 494 адам пайдаланған, ал өткен жылғы сәйкес кезеңде оны 77 728 адам пайдаланған еді.

Осы ретте көлік комитеті жолаушыларды билеттерді сатып алу кезінде кездейсоқ адамдардың күмәнді қызметін пайдаланбауға, ал билеттерді заңсыз қайта сату фактілері, яғни алыпсатарларды анықтау кезінде азаматтық ұстаным танытып, құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап билеттерді қайта сату үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтілді, айыппұл сомасы 100-ден 500 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Жыл басынан бері көлік комитетінің аумақтық бөлімшелері 300 жолаушылар пойызын тексеріп, 700-ге жуық заң бұзушылықты анықтаған. «Құрметті жолаушылар, теміржол көлігі саласындағы заң бұзушылықтар бойынша ҚР ИИДМ Көлік комитеті Ахуалдық орталығының 98-35-35 сенім телефонына және Whatsapp мессенджеріне +77080880800 хабарласуыңызға болады» делінген үндеуде.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды