«Қазақстан-Түркіменстан-Иран» темір жолының әлеуеті зор – Президент

Жаңалықтар
20.09.2022, 09:12
Сурет: Ақорда
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев транзиттік-көлік секторын дамытуға байланысты пікірін білдірді.  

Президент ШЫҰ аясында ауқымды экономикалық жобаларды жүзеге асыруға байланысты ойын білдіре келе, экономикалық ынтымақтастықтағы басым бағыттардың бірі ретінде транзиттік-көлік секторын атады. Ал ШЫҰ елдерінің тиімді экономикалық және көлік дәліздерін дамыту жөніндегі Ынтымақтастық тұжырымдамасының қабылдануы өзара логистикалық байланысты жақсартудағы маңызды жетістік деп бағалады.  

– Әңгіме «Қытай – Еуропа» бағыты және Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша теміржол тасымалы, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай шекарасында үшінші теміржол өткелінің құрылысын салу жоспары туралы болып отыр. Осыған орай, мен ШЫҰ-дағы серіктестерді жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға шақырамын. Шығыс Азиядан Парсы шығанағы елдеріне шығатын ең қысқа «Қазақстан-Түркіменстан-Иран» темір жолының әлеуеті зор. Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы транзиттік-көлік ынтымақтастығы қарқынды дамып келеді. Біз Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы көлік бағыттарын кеңейту, «Солтүстік-Оңтүстік» және «Шығыс-Батыс» трансеуразиялық дәліздерін дамыту жөніндегі іс-әрекеттерді қолдаймыз. Жаңа мультимодальды көлік дәліздері мен логистикалық орталықтарды ашуға және қолданыстағыларын жаңғыртуға мүдделілік танытамыз, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.  

Сондай-ақ, ШЫҰ саммиті аясында Мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисимен кездесті. Кездесуде транзиттік жүк тасымалын одан әрі ұлғайту мақсатында «Қазақстан-Түркіменстан-Иран» теміржолының әлеуетін дамыту мен Каспий маңы елдерінің порттары арасындағы тұрақты паром қатынасының мүмкіндіктерін пайдалану қажеттігі атап өтілді.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты