Қазақстан мен Қытай жаңа темір жол пунктін ашу мүмкіндігін қарастырып жатыр

Жаңалықтар
20.09.2022, 10:18
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биыл Қазақстан мен Қытай мемлекеттері арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл. Өткен аптада Қытай басшысының Қазақстанға сапары барысында екі ел арасында түрлі салалардағы ынтымақтастық мәселелері кеңінен сөз болды.

Соның ішінде көлік, әсіресе теміржол саласының дамуына басты назар аударылды. Осы аралықта екі елдің арасындағы транзиттік және құрлық пен теңіздегі мультимодальдық тасымал тұрақты даму үстінде. Екі тарап осы уақыт ішінде 7 порт, мұнай мен газ тасымалдауға арналған 5 трансшекаралық құбыр желісін, 2 трансшекаралық теміржол магистралін және халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығын ашты. Биыл бірінші жартыжылдықта Қытай-Еуропа пойыздарының 6 195 пойызы Шыңжаңның екі порты арқылы Қазақстанға өтіп, жаңа рекорд орнатты.  

Сондай-ақ, алдағы уақытта қос мемлекеттің «Бір белдеу, бір жол» бірлескен жобасына да жаңа серпін берілетіні мәлім болды. Бұл жоба 2013 жылы Си Цзиньпин Қазақстанға келгенде басталған еді. Сол кезде Қазақстан әлемде «Бір белдеу, бір жол» бастамасын жария еткен бірінші елге айналды.

Қазақстан мен Қытай Еуразия кеңістігінде тиімділігі жоғары және ыңғайлы мультимодальды көлік артериясын құру бойынша белсенді жұмыс істеуде.  

– 30 жыл ішінде екі ел арасындағы инфрақұрылымдық өзара байланыс айтарлықтай нығайып, автокөлік, теміржол, авиациялық тасымалдар мен құбыр желісін қамтитын көпвекторлы және мультимодальды инфрақұрылым желісі қалыптасып келеді. Қазіргі уақытта Қытай мен Қазақстан Еуразияның кең-байтақ кеңістігінде тиімділігі жоғары және ыңғайлы мультимодальды көлік артериясын құру бойынша белсенді жұмыс істеуде, – дейді Қытай басшысы «Казахстанская правда» газетінде жарияланған мақалада.  

Қос тарап бүгінде жаңа теміржол өткізу пунктін ашу мүмкіндігін белсенді талқылап жатыр. Ляньюньган логистикалық терминалы қазақстандық тауарлар үшін теңізге шығуға жол ашады. Қазақстан арқылы транзитпен өтетін «Қытай – Еуропа» жүк пойыздары жеткізу бағыттарын әртараптандыруға ықпал етеді және жаһандық жеткізу тізбектері мен өндірістердің үздіксіз жүруінде маңызды рөл атқарады.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті