Алматыда Халықаралық көліктік-логистикалық бизнес форумы өтіп жатыр

Жаңалықтар
20.09.2022, 11:35

Алматыда «NEW SILK WAY» V Халықаралық көліктік-логистикалық бизнес форумы өз жұмысын бастады. Қазақстанның көлік апталығы шеңберінде ұйымдастырылған алқалы басқосуға 14 елден 350-ден астам делегат қатысуда. Олардың қатарында қазақстандық және шетелдік салалық министрлік басшылары, жетекші көлік және тасымалдау саласындағы компания өкілдері мен сарапшылар бар, деп хабарлайды Rail-news.kz.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, еліміздің транзиттік әлеуеті мен инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатындағы форум жұмысы «Қазіргі жағдайдағы көліктік-логистикалық әлеуетті дамыту» панельдік сессиясымен ашылды.

Жиынды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов ашып, Қазақстанның қазіргі геосаяси жағдайдағы Азия мен Еуропа арасындағы маңызды құрлық дәлізі екенін айтты.

«Бүгінгі таңда елімізде көлік дәліздерінің тармақталған желісі бар. Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік беретін негізгі халықаралық көлік желілерімен байланысы өте тығыз. Қолданыстағы транзиттік бағыттарды дамыту және жаңаларын құру, логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту біздің елдер үшін тиімді және осы тараптағы жұмысты одан әрмен жалғастыру өте маңызды», – деп атап өтті вице-министр.

Қазақстан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік көлік дәлізі, Ляньюньган теңіз портындағы (ҚХР) логистикалық терминал, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА сынды жобаларды табысты жүзеге асырды. Сондай-ақ қазіргі күнде Транскаспий халықаралық көлік бағыты негізінде теңіз порттары арқылы контейнерлік тасымалдау көлемін арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Осыған орай Ақтау теңіз порты базасында контейнерлік хаб құрылатын болады.

«Контейнерлік хабты құру жобасы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына енгізілді. Жобаның жалпы құны 10,4 млрд теңгені құрайды. Оны іске асыру Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүктерді тасымалдау жылдамдығын және Түркменбашы – Ақтау – Қытай транзиттік дәлізінің өткізу қабілетін дамытуға мүмкіндік бермек», – деді өз сөзінде Алмаз Ыдырысов.

Жоба нәтижесінде 2025 жылға қарай Ақтау теңіз порты арқылы жүк тасымалдау көлемі 40 мыңнан 133 мың жиырма футтық эквивалентке артпақ. Бұдан бөлек, логистикалық маршруттарды жалғайтын 10 паром, 18 жүк тиеу танкеріне арналған флот құрылысын жүзеге асыру жұмыстары қолға алынуда.

Сонымен қатар Дарбаза – Мақтаарал темір жол желісінің құрылысы мен Достық – Мойынты темір жол дәлізін жаңғырту жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Бұл жобаларды іске асыру Ресей – Орталық Азия, Қытай – Еуропа транзиттік бағыттары бойынша жүктерді тасымалдау жылдамдығын бірнеше есеге арттыруға мүмкіндік бермек. Осы ретте айта кетерлігі, жыл басынан бері Қытай – Еуропа – Қытай бағытындағы транзиттік контейнерлік жүктер ағыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 пайызға артып, 499 мың ЖФЭ-ні құрады.

Қазіргі таңда елімізде транспорттық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. ҚР ИИДМ вице-министрінің айтуынша, барлық көлік дәліздеріндегі құрылыс жұмыстары 2030 жылға қарай толық аяқталмақ.

Сонымен қатар форумда көлік саласындағы жаңа мүмкіндіктер, халықаралық автомобиль тасымалдары, теңіз және теміржол логистикасы мен салада кадрлар даярлау мәселелері талқыланды.

Екі күнге жалғасатын Халықаралық көлік-логистикалық бизнес форумы аясында «Көлік және логистика» Қазақстандық халықаралық көрмесі де өтеді.

 

Жолаушылар тасымалы
13.03.2026
Jibek Joly туристік пойызы жаңа бағыт бойынша жолға шығады
Инфрақұрылым
13.03.2026
Абай облысында «Бақты – Аягөз» теміржол жобасының іске асырылу барысы талқыланды
Жүк тасымалы
13.03.2026
Қостанайдан Нью-Йоркке дейін...
Жүк тасымалы
13.03.2026
Жаһандық желінің маңызды буыны
Инфрақұрылым
13.03.2026
Назарда тұрған нысандар
Жүк тасымалы
13.03.2026
Семейдегі жүк тасымалы мен логистиканы дамыту шаралары
Қауіпсіздік
13.03.2026
Шымкентте теміржол бойындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
13.03.2026
Теміржолшылар таңдау жасайды
Жаңалықтар
13.03.2026
Теміржолшылар қан тапсырды
Аймақтар
13.03.2026
Ғибратты ғұмыр иесі
Жаңалықтар / Мұрағат
13.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №19 13 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
12.03.2026
Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жаңа техника табысталды
Жаңалықтар
12.03.2026
Жолаушылар үшін жаңа бағыттар ашылып, вагондар паркі жаңартылып жатыр – Тоқаев
Жолаушылар тасымалы
12.03.2026
ҚТЖ төтенше ауа райы жағдайында пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуде
Жолаушылар тасымалы
12.03.2026
ҚТЖ тас жолдардың жабылуына байланысты 390 жолаушыны пойызбен жеткізді
Әлемде
12.03.2026
Дрондар теміржол жұмысын өзгертуде
Әлемде
11.03.2026
Әлемдегі ең жүйрік CR450 пойызы 453 км/сағ жылдамдықты еңсерді
Аймақтар
11.03.2026
Жамбылда теміржолшы арулар марапатталды
Жаңалықтар
11.03.2026
Елімізде теміржол вокзалдарын модернизациялау жұмыстары жалғасуда
ҚТЖ келбеті
11.03.2026
Атыраулық теміржолшы «Құрмет» орденімен марапатталды