Қандыағаш станциясы қыс маусымына дайын

Жаңалықтар
27.09.2022, 11:34
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қандыағаш – тоғыз жолдың торабындағы ірі станция. Батыстың жүрегі атанған станция Никельтау, Ақтөбе, Жем, Мақат бағыттарына қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

 Тәулігіне 70 жүк пойызы қабылданып, тағы соншасы жөнелтілетін станциядан 10-15 жолаушылар пойызы өтеді. Ал мұндағы сұрыптау дөңесінде тәулігіне 2400-2500 вагон сұрыпталады. Қазіргі таңда станцияда 7 бірдей маневрлік локомотив жұмыс істейді. Станция бүгінгі таңда қыс маусымына дайындық жұмыстарын аяқтады. Күзгі байқау кезінде станция ұжымы аумақты тап-тұйнақтай етіп, 15 посттың барлығы сыланып, ақталып, тазаланды.  

«Барлық посттар электрлі-жылу жабдығына көшіріліп, кабельдер қайта тексеруден өтті. Қажетті қондырғылар уақытында алмастырылды. Станция жылыту маусымына толықтай дайын», – дейді Қандыағаш станциясының жетекші инженері Мұқан Бұхарбаев.  

Қазіргі уақытта станция басында екі үлкен қар тазалау машинасы (ФРЭС-2), алты қар күреу машинасы (СМ-2) және СДПМ техникалары қыс маусымына дайын тұр. 250-ден аса теміржолшы еңбек ететін станцияның өткен ғасырдан басталатын 120 жылдық тарихы бар.

 

Жолаушылар тасымалы
13.03.2026
Jibek Joly туристік пойызы жаңа бағыт бойынша жолға шығады
Инфрақұрылым
13.03.2026
Абай облысында «Бақты – Аягөз» теміржол жобасының іске асырылу барысы талқыланды
Жүк тасымалы
13.03.2026
Қостанайдан Нью-Йоркке дейін...
Жүк тасымалы
13.03.2026
Жаһандық желінің маңызды буыны
Инфрақұрылым
13.03.2026
Назарда тұрған нысандар
Жүк тасымалы
13.03.2026
Семейдегі жүк тасымалы мен логистиканы дамыту шаралары
Қауіпсіздік
13.03.2026
Шымкентте теміржол бойындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
13.03.2026
Теміржолшылар таңдау жасайды
Жаңалықтар
13.03.2026
Теміржолшылар қан тапсырды
Аймақтар
13.03.2026
Ғибратты ғұмыр иесі
Жаңалықтар / Мұрағат
13.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №19 13 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
12.03.2026
Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жаңа техника табысталды
Жаңалықтар
12.03.2026
Жолаушылар үшін жаңа бағыттар ашылып, вагондар паркі жаңартылып жатыр – Тоқаев
Жолаушылар тасымалы
12.03.2026
ҚТЖ төтенше ауа райы жағдайында пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуде
Жолаушылар тасымалы
12.03.2026
ҚТЖ тас жолдардың жабылуына байланысты 390 жолаушыны пойызбен жеткізді
Әлемде
12.03.2026
Дрондар теміржол жұмысын өзгертуде
Әлемде
11.03.2026
Әлемдегі ең жүйрік CR450 пойызы 453 км/сағ жылдамдықты еңсерді
Аймақтар
11.03.2026
Жамбылда теміржолшы арулар марапатталды
Жаңалықтар
11.03.2026
Елімізде теміржол вокзалдарын модернизациялау жұмыстары жалғасуда
ҚТЖ келбеті
11.03.2026
Атыраулық теміржолшы «Құрмет» орденімен марапатталды