39 теміржолшы жоғары кәсібилігі үшін марапатталды

Жаңалықтар
28.09.2022, 09:34
Оқуға 2 мин

Қырағылығы және пойыздар қозғалысы қауіпсіздігімен байланысты ықтимал ауыр зардаптардың алдын алғаны үшін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің 39 қызметкері биылғы екінші тоқсан қорытындысы бойынша «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісімен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Олардың әрқайсысының кәсібилігі, зейінділігі, жедел іс-әрекеттерінің арқасында вагондардың жолдан шығуына, апаттар мен соқтығысуларға жол берілмеді. Ақмола, Павлодар жүк тасымалы бөлімшелері мен «Батыс» филиалының вагон тексеруші-жөндеушілері өздерін оң қырынан көрсете білді, сол үшін де оларға ақшалай сыйлық төленді.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Семей, Жамбыл бөлімшелерінің, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Батыс» филиалы және Атырау бөлімшесінің 14 қызметкеріне «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісі 30 АЕК көлемінде бір реттік ақшалай сыйақы төлеумен табыс етілді. Қызметкерлерді ынталандыру үшін жұмыс беруші 1,8 млн теңгеден астам қаражат бөлді.

Осы жылдың 15 маусымында Шығыс Қазақстан облысының Құмыстау-Таусамалы аралығымен жүріп келе жатқан кезде құрамында машинист Юрий Земзюлин және машинист көмекшісі Ернар Бияхметов бар локомотив бригадасы бұрылысты учаскеден шыққанда пойыздың  үйілген тастарға барып соқтығысуын болдырмады. Сол күні тас пен топырақ опырылып темір жолды жауып қалған болатын.

2022 жылдың 19 маусымында Балқаш станциясындағы ӨТБ вагондарын тексеруші-жөндеуші Есқат Боқашев жүк пойызы вагонындағы доңғалақ жұбы бөлшектерінің ақауын тауып, жол жүрісі бойында апаттың алдын алды. Мақат станциясында және «Батыс» филиалының Атырау бөлімшесінің вагон қараушы-жөндеушісі Жолдыбай Айтжанов вагондарды автотіркеу тетігіндегі ақауды анықтап, қырағылық танытты.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды