Президент көлік және транзит саласындағы маңызды қадамдарды атады

Жаңалықтар
18.10.2022, 09:30
Сурет: Ақорда
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елордада өткен «Орталық Азия – Ресей» саммитінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азияда көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесін көтеріп, көлік және транзит саласындағы маңызды қадамдарды атады.  

Мемлекет басшысы дәстүрлі логистикалық тізбектердегі іркілістерді айта келе, бұл жағдай өңір елдеріне көліктік-транзиттік әлеуетті толық пайдалануды талап етіп отырғанын айтты.  

– Географиялық орналасуына байланысты Орталық Азия әлемдегі ең ірі нарықтар арасындағы маңызды буын болып отыр. Сондықтан қазіргі кезеңде күш-жігерімізді қолданыстағы және келешегі бар көліктік-транзиттік бағыттарды дамытуға жұмылдыру маңызды. Дүниежүзілік банктің бағалауына қарағанда, Орталық Азиядағы көлік коммуникацияларының дамуы барлық елдің жалпы ішкі өнімінің 15%-ке өсуін қамтамасыз ете алады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  

Президент саладағы кемшіліктерді жою үшін инфрақұрылымды жаңғырту, әкімшілік рәсімдерді жеңілдету, транзит үшін қолайлы жағдай жасау, сонымен қатар, біріктірілген цифрлық логистикалық шешімдерді енгізу маңызды екенін атап өтті.  

Сондай-ақ, Орталық Азия елдері мен Ресейді бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға шақырып, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытуға тың серпін беріліп отырғанын атап өтті.

– Перспективалы Солтүстік-Оңтүстік дәлізін одан әрі қарай дамытуға ерекше назар аудару керек. Шығыс Азиядан Парсы шығанағы елдеріне ең қысқа жол ашатын Қазақстан-Түркіменстан-Иран теміржолының әлеуетін барынша тиімді пайдалануға болады, – деді Мемлекет басшысы.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті