Үнді компаниялары Транскаспий дәлізіне инвестиция салуға ынталы

Жаңалықтар
19.10.2022, 17:14

Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров Транскаспий дәлізінің логитикасын дамыту үшін  әлемдік компаниялардың инвестициясы қажет екенін айтты, деп хабарлайды Rail-news.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

«Ресей арқылы өтетін жолдардың қиындауына байланысты қазіргі таңда  Қазақстан-Әзербайжан- Грузия Қара теңізге шығу жолын қарастырып жатыр. Бүгінгі форумға келген Үнді компаниялары осы дәлізді кеңейту үшін инвестиция салуға ынталары бар. Себебі,  ол жаңа жол, бағытқа әлі де көп қаржы салу керек. Құрық портының құрылысының басталғанына біраз жыл болды. Ол еліміздің тарапынан салынып жатыр. Оны кеңейту үшін бізге дүниежүзілік үлкен компаниялар қажет. Себебі, келешекте портқа тек еліміздің тауарлары емес, көбіне транзиттік тасымалдар болады», - деді Айдаров.

Сонымен қатар ол ел экономикасына инвестиция салып келе жатқан елдердің алғашқы ондығына қай елдер кіретінін айтты. Атап өтуінше, олар Батыс Еуропаның жетекші елдері, Ресей мен Қытай, АҚШ, Жапония елдері.  

«Үнді елінің инвесторлары да кейінгі жылдары белсенділік танытып жүр. Сан жағынан келсек, Түркия компанияларының қызығушылығы қашан да жоғары», - деді спикер.

Айтуынша, жыл сайын елімізге сырттан тартылатын инвестиция көлемі 24 млрд доллар көлемінде.

«Пандемияға байланысты бұл көрсеткіш 2019 жылы17 млрд долларға түсіп қалған еді,  бірақ былтыр 24 млрд долларға оралдық. Биыл да жақсы келе жатырмыз. Әзірше жарты жылдың статистикасы бар – 28 пайыз өсіп, 14,7 млрд доллар болды. Бұл – жарты жылдың көрсеткіші», - деді СІМ вице-министрі Алмас Айдаров.  

 

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл