Қазақстан мен ЕО елдері көлік дәлізін кеңейтуді көздеп отыр

Жаңалықтар
28.10.2022, 10:20
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Еуропалық кеңес президенті Шарль Мишельмен кездесуінде энергетика, жасыл экономика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы ықпалдастық мәселелері сөз болды.  

Қ.Тоқаев пен Ш.Мишель өндіріс пен жеткізудің жаһандық тізбектерін қамтамасыз ету үшін Еуропа мен Орталық Азия арасындағы қолданыстағы халықаралық көлік дәліздерін кеңейтудің және жаңа дәліздерді дамытудың маңыздылығын баса айтты. Олар сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағдарының әлеуетін, оны одан әрі дамыту нұсқалары мен өңірдегі басқа көлік бағдарларының рөлін талқылады.  

– Халықаралық көлік дәліздерін дамытудың маңыздылығын атап өттік. Бұл – қазіргі геосаяси жағдайда өте өзекті мәселелердің бірі. Сондай-ақ Еуропалық одақтың Транскаспий халықаралық көлік бағытын қолдау мүмкіндігін қарастырдық. Бұдан бөлек, Еуропа санкцияларының Қазақстан экономикасына ықпалын болдырмау мәселесін талқыладық, – деді Қ. Тоқаев.  

Кездесу барысында биылғы 8 айда Қазақстан мен Еуропалық одақ елдері арасындағы тауар айналымы 43 пайызға артқаны атап өтілді. Қазіргі таңда Еуропалық одақ – Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі. 30 жыл ішінде Қазақстанға Еуропадан тартылған инвестиция көлемі 160 млрд доллардан асқан.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті