Теміржолшылар «Шеберлер алаңында» шыңдалды

Жаңалықтар
01.11.2022, 08:40
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да компанияның оқыту шеберлеріне өндірістік білім беруге арналған «SHEBERLER ALANY» форумы өтті. Қауіпсіздік минуты, панельдік сессиямен басталған форум түстен кейін тимбилдинг және марапатпен жалғасын тапты.

Сессия тақырыбы «Күрделі жайттар туралы. Нұсқаулықтан сызбаға өту» деп аталды. Оны форум қатысушыларына «Смыслотека» компаниясының негізін қалаушылардың бірі, бизнес жаттықтырушы Сергей Гевлич өткізді. Сессия барысында ол теміржолшыларға «Нұсқаулықты қалай құру керек?», «Ең үздік нұсқаулық қандай болады?» деген сауалдарға жауап табуға тапсырма берді. Бұл ретте залдағы қатысушыларды үш-үштен бөлініп, топ құруға шақырды. Бөлінген топтар тақырыпты өзара талқылап, ең үздік нұсқаулық үлгісін бір смартфоннан ұйымдастырушыларға арнайы QR код арқылы жолдады. Одан бөлек әр топтың бір өкілі микрофон алып, ең үздік нұсқаулыққа қойылатын талаптар туралы қысқа да нұсқа ойларын жеткізді. 200-ден астам өндірістік оқыту шеберлері мен нұсқаушылар қатысқан форум туралы теміржолшылар пікірі өте жоғары.  

– «Шеберлік алаңы» форумы аясында биыл қыркүйек айында Қарағандыда үш күн оқудан өттік. Оқудың пайдасын жұмыс барысында қолданып, тиімділігін көріп жатырмыз. Заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін үйретті. Компания басшылығы тарапынан өндірістік оқуға осылай көңіл бөлінуі өте дұрыс қадам деп есептейміз. Себебі мұның бәрі қозғалыс қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Міне бүгін сол форум аясындағы іс-шаралар елордада қорытындыланып жатыр, – дейді Шалқар ПЧ-8 мекемесінің оқыту шебері Сәкен Жақып.  

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалының оқыту жөніндегі шебері Эльмира Егембердиева да теміржол мекемелерінде осындай іс-шаралардың маңызы зор екенін атап өтті.

– Мұндай форум мен жұмыс істегелі бірінші рет өтіп жатыр. Оқу барысында үйренген әдістер арқылы өзімнің жұмысыма керектінің бәрін алдым. Біз тамыз айында офлайн, сосын өткен айда онлайн форматта оқыдық. Алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасын тапса деген тілегіміз бар, – дейді ол.  

Одан әрі форум барабан соғу тимбилдингімен жалғасты. Оны Санкт-Петербургтен келген музыкант Антон Филатов жүргізді. Қатысушылардың көңілін көтеріп, сергіту мақсатында өткен тимбилдинг барысында барабан ойнау, әуен ырғағымен таяқ ұру, сылдырмақ соғу арқылы теміржолшылар күнделікті бірсыдырғы тірліктен бір ауық басқа әлемге өтіп, бой жазып, демалып қалғандай болды.  

Форум соңында үш модульді оқыту бағдарламасының жұмысы қорытындыланып, барлық қатысушылар оқудан өткендігі туралы арнайы сертификатпен марапатталды. Сонымен қатар бірқатар қызметкерлер өндірістік оқуды ұйымдастыру және өткізу бағытындағы қажырлы еңбегі мен кәсіби адалдығы үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетовтің Алғыс хатына ие болды. Сондай-ақ, қоса осы форум қатысушылары арасынан алдағы жылы «Ішкі тренер» корпоративтік бағдарламасы бойынша оқуға 20 оқыту шебері таңдап алынып, оларға сертификаттар берілді.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті