«Вагонсервис» АҚ мен колледж арасында меморандум жасалды

Жаңалықтар
22.11.2022, 10:36
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мекемелері елордадағы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының филиалы – Ақмола колледжінде өткен «Жұмыс беруші күніне» қатысты.

Іс-шараға колледжбен әлеуметтік серіктестік орнатқан кәсіпорындар, атап айтқанда, «Вагонсервис» АҚ, «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС, Астана белгі беру және байланыс дистанциясы, Астана локомотив пайдалану депосы, Астана станциясы, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалдары, «Қамқор Локомотив» ЖШС, Астана локомотив жөндеу депосы және т.б кәсіпорындар шақырылды. Жұмыс берушілер күніне келген қонақтар алдымен колледж шеберханаларының жұмысымен танысты. Қатысушылар жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, колледж түлектеріне сұраныс артқандығын атап өтті.  

Колледж директорының орынбасары Бибіжан Аймағамбетованың айтуынша, оқу орнын бүгінге дейін 7 мыңға жуық теміржол саласының түлектері бітіріп шыққан. Бүгінде теміржол мекемелерімен 18 меморандум жасалып, 45 келісімшартқа қол қойылған. Жыл сайын темір жолда 180-250 білім алушы өндірістік және дипломалды тәжірибелерден өтеді. Колледж түлектері Нұрлы жол вокзалына, «Қамқор Локомотив» ЖШС, Астана локомотив жөндеу депосы, Астана станциясы, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Солтүстік аймақтық филиалына және басқа да өңірлері бойынша жұмысқа орналасуда.  

«Жұмыс беруші күні» шеңберінде «Вагонсервис» АҚ мен колледж арасында келісімдер жасалып, бірлесе атқаратын жұмыстар бойынша меморандумға қол қойылды. Колледж студенттері «Мамандықтар шеруі» қойылымын қойып, әр мамандықты таңдаудағы мақсаттары мен болашақтағы білікті мамандарға не қажеттігін баса айтып өтті. Іс-шара соңында теміржол өкілдері ҚР Білім ағарту министрі А.Аймағамбетовтың, Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қ.Сенғазыевтың, колледж директоры Г.Нұрманованың Алғыс хаттарымен марапатталды.  

Соңында «Қамқор Локомотив» ЖШС Астана локомотив жөндеу депосының басшысы атынан колледж ұжымына алғыс хаттар беріп, оқу орны кітапханасына теміржол мамандығына қажетті оқулықтарды табыстады. Сонымен қатар теміржолшылар болашақ сала мамандарының білікті болуына өз үлесін қосу мақсатында қазіргі заманғы локомотив электр тізбектерінің стендін тарту етті. Бұл колледж білім алушылары үшін үлкен көмек болмақ.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті