Теміржолшы Құттыбек Шархатбаевқа әріптестері ескерткіш тақта орнатты

Жаңалықтар
25.11.2022, 10:17
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Өлшеулі ғұмырының көп жылын түбек теміржолының түрлі саласына арнаған теміржолшы Құттыбек Шархатбаевқа әріптестері ескерткіш тақта орнатты.

Белгі тақтасы ол кісінің өзі қалыптасуына атсалысып, қазіргідей белді мекемеге айналуына маңдай терін төккен «Ғасыр-Маңғыстау» ЖШС ғимаратының сыртқы қабырғасына орнатылды. Онда Құттыбек ағаның суреті мен өмір сүрген жылдары, еңбегі жазылған. Ескерткіштің ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Нұрдаулет Қилыбай, «Ғасыр Маңғыстау» ЖШС, «КаскорТрансСервис» мекемесінің, темір жолдың басшылары мен онымен әріптес болған азаматтар, ардагерлер және отбасы, бауырлары қатысты. Тақтаның ашылу рәсімінен соң ас беріліп, марқұмның рухына дұға бағышталды.

Әкесіне құрмет көрсеткен жұртшылыққа қызы Ақмоншақ Құттыбекқызы отбасы атынан алғыс айтты. «Ғасыр Маңғыстау» ЖШС бастығы өз сөзінде Құттыбек Сүйінғараұлының жұмыста адал жан болғанын және осы серіктестіктің қалыптасуына көп еңбек сіңіргенін тілге тиек етті. Құрметті теміржолшы Табылды Әміров, марқұм теміржолшының көпке үлгі болар қырлары туралы сыр шертті.  

– Жұмысына жауапты, білікті маман, әділ басшы еді. Өзінің қызметкерлерін қажет кезінде қорғап алып шығатын. Өзіне сенімді болғасын ешкімнен тартынып, тайсалмайтын. Ойын батыл айтатын. Ешқашан марапат үшін жүгірген емес. Көзі тірісінде есімі ескерілмеді. Мен Шетпеде станцияның, ол ТҚКП бастығы болды. Маңғыстау станциясына да бірге келгенбіз. Мұнда ол жолаушылар тасымалы мекемесінің басшысы жұмысын жалғастырды. 61 жыл өмірінің 44 жылын алып салаға арнаған әріптесім әрі шәкіртім Құттыбектің арамыздан кеткеніне екі жылға жуықтапты. Бес баласының ішінде әке жолын жалғастырып жатқан балалары да, темір жолда несібесін теріп жүрген бауырлары да бар. Сондықтан Құттыбектің есімі ел есінде сақталары сөзсіз, – деді ол.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда