«Теміржолсу» АҚ қосымша кірістер тарту шеңберінде биыл «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС, Магистральдық желі дирекциясына қарасты теміржол кәсіпорындардың ғимараттарын, жасанды құрылыстарын жөндеуден өткізді.

Атап айтқанда, Магистральдық желі дирекциясы бойынша Достық станциясының екі шағын ауданында 2,742 км орамішілік инженерлік желілерді толық ауыстыра отырып, күрделі жөндеу жүргізілсе, 111 теміржол вокзалына жуу және сығымдау жұмыстары өткізілген. Сондай-ақ, 21 теміржол вокзалының инженерлік желілері жөнделіпті.  

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС бойынша қызметкерлердің жұмыс жағдайын жақсарту бойынша 42 ғимарат, үй-жайлар жөндеуден өткен. Бұл бағыттағы жұмыстар келесі жылы да жалғасын таппақ.