Ұлттық тасымалдаушы  «Алматы-2 – Петропавл қатынасындағы №105 Тальго жолаушылар пойызының жүрісіне өзгеріс енгізілгенін хабарлады.

Аталған бағыт бойынша пойыздардың жүрісі келесідей даталар бойынша  тоқтайды:

- Осы жылдың 8, 10, 12, 14 желтоқсанында Алматыдан жөнелту арқылы,

- Петропавлдан 9, 11, 13, 15 желтоқсанда келу / жөнелту.

Жолаушыларға билет құны толық қайтарылады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ келтірілген қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесін өзгерту туралы ақпаратты «1433» бірыңғай телефон анықтамалық қызметі арқылы ала алады.