Көлік полициясының басшысы Бақытжан Малыбаев жолаушылардан қауіпсіздіктің күшейтілуіне түсіністікпен қарауды сұрады, сондай-ақ азаматтардың жеке мүліктерінің сақталуына мұқият болуларын және оларды қараусыз қалдырмауларын еске салды, деп хабарлайды Rail-news.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы темір жолдарының жалпы ұзындығы 21 мыңнан астам шақырымды құрайды. Онда жолаушылар және жүк тасымалдауға арналған 1047 станция және 305 теміржол вокзалы орналасқан.
Сондай-ақ 26 әуежай жұмыс істейді, оның 17-сі халықаралық маңызы бар мәртебеге ие.
