Швейцариялық «Stadler» компаниясы ҚТЖ-ға 537 жолаушылар вагонын жеткізбек

Жаңалықтар
16.12.2022, 09:20
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Асель Шайхынова

Корреспондент газеты «Қазақстан теміржолшысы»

Елімізде швейцариялық технология бойынша жолаушы вагондары шығарылмақ. Ағымдағы жылдың 13 желтоқсанында «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Stadler» компаниясы арасында отандық вагон жасау зауыты базасында құрастырылатын жолаушылар вагондарына қажетті жабдықтар жеткізу және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша келісімшартқа қол қойылды.

Келісімшарт 2021 жылғы 29 қарашада ҚР Мемлекет басшысының Швейцарияға ресми сапары барысында қол қойылған компаниялар арасындағы Стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру шеңберінде жасалды.  

Ал 14 желтоқсан күні Қасым-Жомарт Тоқаев «Stadler Rail AG» директорлар кеңесінің төрағасы Питер Спулерді қабылдап, Қазақстанда жолаушылар вагондарын шығару жобасы және оны жүзеге асыру барысы талқыланды. Президентке швейцариялық компанияның вагон жасау зауытын жаңғырту, қазақстандық алюминийді пайдалану және толық өндіріс циклін құру жөніндегі жоспар баяндалды.  

Питер Спулер 2030 жылға қарай локализация деңгейін 35%-ке жеткізуге ниетті және қазақстандық өнімді экспортқа шығару жоспарда бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, білім беру мен үйрету мәселесі талқыланды. Компания қазақстандық жастарды оқыту орталықтарын ұйымдастыруды, сондай-ақ отандық оқу орындарымен сындарлы қарым-қатынас орнатуды жоспарлап отыр. Мемлекет басшысы бірлескен жобаны жүзеге асыру Қазақстан мен Швейцария арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайта түсетініне сенім білдірді.  

Stadler компаниясы 2023-2030 жылдар аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобына арнап 537 жолаушылар вагонын құрастыруды ұйымдастыру үшін зауыттың өндірістік алаңы мен жабдықтарын жаңғыртуды жоспарлап отыр. Сарапшылардың пікірінше, «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Stadler компаниясы ынтымақтастығының нәтижесінде жолаушылар вагондары паркінің техникалық жағдайы айтарлықтай жақсарып, жолаушылар қауіпсіздігі мен жайлылығы арта түспек.  

Stadler компаниясы жоғары сапа деңгейімен, заманауи жабдықтарымен және бірегей ноу-хау технологияларымен ерекшеленетін теміржол жылжымалы құрамының ірі еуропалық өндірушісі болып табылады. Швейцариялық компанияның жылжымалы құрамы 45 елде, соның ішінде қысы қатал Скандинавия елдерінде қолданыста. Бұл вагондар ауа жылыту және қосымша жылытқыштарымен бірге кондиционермен жабдықталған, дизель және электр қуатымен жұмыс істейді. Кәсіпорынның жылжымалы құрамдар шығарып келе жатқанына 80 жыл. Компанияның бас кеңсесі Швейцарияның шығысындағы Буснанг қаласында орналасқан.  

– Инновациялық өнімдеріміз бен тәжірибеміздің арқасында біз Қазақстандағы жолаушылар тасымалының жаңа деңгейін құруға маңызды үлес қоса алатынымызға сенімдіміз, – деді Питер Шпулер.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті