Жеке қабілеттерді дамыту алаңы

Жаңалықтар
16.12.2022, 11:44
Суреттерді түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Форумның алғашқы күні жас теміржолшыларға HR-сарапшы, бизнес-тренер Лариса Чистоедова «Ресурстылықты басқару» тақырыбындағы шеберлік сабағын өткізді. Одан әрі форум «Тәлімгерлер» жобасының үйлестірушілерімен кездесулерге жалғасты.

– «ҚТЖ-100 жас есім» жобасына қатысып, іріктеуден өтіп, форумға бірінші рет қатыстым. Өте қызықты әрі пайдалы ақпараттарды жеңіл тренингтер арқылы бізге жеткізді. Дәл қазіргі шеберлік сабағында «Дара жол» жобасының жетекшілері сөз сөйлеп, аталған жобаның мақсат-міндеттерін түсіндірді. Оның мәні – еліміздегі бір балалар үйінен бір баланы өзіңнің қамқорлығыңа алып, сол балаға ағасы, бауыры секілді өсіп кеткенше үнемі қолдау көрсетіп отыру. Ол бала саған үнемі сенім артып, қиналғанда көмек сұрай алуы керек. Дегенмен жобаға өтіп, бекітілу үшін біраз талаптары бар. Мәселен, отбасылы болса, өз балалары өсіңкіреп кеткен, яғни басқа балаға мейірімін төгіп, қамқорлық етуге уақыты бостау ата-аналар болуы керек. 25 жастан асқан азаматтар қатыса алады екен. Одан бөлек бүгін күні бойына өткен кездесулерде әр спикерден өзімізге керектіні алдық. Мәселен, Азат Әбікенмен кездесуде көп мотивация алдым, – дейді Алматы локомотив пайдалану депосының машинисті Наурызбек Кенжеғараев.  

Келесі күні форум бағдарламасына сәйкес «Кикілжіңді басқару», «Күйзеліске төзімділік», «Көшбасшылық», «Бәсекеге қабілеттілік» тақырыптарында ішкі жаттықтырушылармен тренингтер өткізілді. Бұл іс-шаралардың ерекшелігі – оларды өткізуге сырттан мамандар шақыртылмай, компанияның өзі оқытып шығарған ішкі жаттықтырушыларының тартылуы. Мәселен, солардың бірі компанияның Көпфункционалды қызмет көрсету орталығының корпоративтік оқыту жөніндегі функционалдық бағытының бас менеджері Аягөз Темірова «Көшбасшылық» деген тренингті өткізді. Осы тренингке қатысқан жастардың бірі – Шымкент ЖТ бөлімшесі қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша жетекші инженері Сағидолла Маденов те бұл форумға алғаш рет қатысқан.  

– Еңбек жолымды машинист көмекшісі болып 9 жыл бұрын бастағанмын. Қазіргі қызметім тікелей жұмысшылармен байланысты. Олармен қауіпсіздік ережелерін сақтау, нұсқаулықтарды орындау бойынша жиі кездесіп, сөйлесемін. Сондай кезде мына өткен тренингтерден алған білімнің көп көмегі болатынын түсіндім. Себебі өзіңді қалай көрсету керектігін, сөзіңді қалай жүргізуге болатынын үйретеді екен. «Көшбасшылық» туралы тренингте көптің алдында өзіңді сенімді ұстау, соңыңнан жұртты ерте білу, сендіре білу сынды қасиеттерді дамытады. Соның бәрін арнайы жеңіл тапсырмалар, ойындар арқылы өзімізге шешім қабылдатқызу арқылы жеткізеді. Көбіне мұнда командалық ойындар болды. Оның да ұжымдағы қызметкерлермен жұмыста керегі зор, – дейді жас теміржолшы.  

Ал компанияның «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының адами ресурстарды басқару департаментінің менеджері Динар Карыбаева «Кикілжіңді басқару» тренингін жүргізді. 2019 жылдан бері ішкі жаттықтырушы ретінде қарым-қабілетін көрсетіп жүрген ол сонымен қатар бизнес-жаттықтырушы, коуч, НЛПер, энергопрактик, родолог, трансформациялық ойындар жүргізушісі, Аксесс барс фассилитатор сынды бағыттарды да меңгерген. Сол тренингке қатысушылардың бірі – Қарағанды ЖТ бөлімшесіне қарасты Нұра станциясының бастығы Мәди Абенов алған әсерімен бөлісті.

– «ҚТЖ-100 жас есім» жобасына 2019 жылы өткен жастардың бірімін. Биыл біздің кезеңнің жұмысы аяқталады. Бұл жобаға өткен кезде мен пойыз диспетчері болып еңбек ететінмін. Кейін станция басшылығына көтерілдім. Сондықтан жобаға қатысқанның арқасында мен жас та болсам басшылық қызметке өттім. Бұл үлкен сенім, зор жауапкершілік екенін сезінемін. Үш жыл осында білім алдық. Күйзеліске төзімділік, көшбасшылық қасиеттерін дамыттық. Қазіргі «Кикілжіңді басқару» тренингінің де мен үшін орны бөлек. Себебі өзім 42 адамнан тұратын станция ұжымын басқарамын. Осында алған білімімді ұжымды басқаруда пайдаланамын, – дейді Мәди.  

Барлық тренингке қатысушылар арнайы сертификаттармен марапатталды.  

 

Әлеумет
30.05.2026
Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды
Жолаушылар тасымалы
30.05.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ багаж тасымалын цифрландыру бойынша пилоттық жобаны сынақтан өткізіп жатыр
Жаңалықтар
30.05.2026
Теміржолшыларға алғашқы көмек көрсету дағдылары мен төтенше жағдайдағы әрекеттері үйретілді
Жаңалықтар
30.05.2026
ҚТЖ Балаларды қорғау күні қарсаңында қызметкерлерінің 100 дарынды балаларын қолдады (ФОТО)
Жаңалықтар
29.05.2026
ҚТЖ үздік рационализаторларды марапаттады
Жолаушылар тасымалы
29.05.2026
ҚТЖ жазғы маусымға үш қосымша қала маңы пойызын тағайындады
Жаңалықтар
29.05.2026
Көлік министрлігі Ақтау портының акваториясын тереңдету жобасын талқылады
Аймақтар
29.05.2026
Теміржол энергетиктерінің қажырлы еңбегі
Аймақтар
29.05.2026
Ревизорлар неге алаңдайды?
Қауіпсіздік
29.05.2026
Полиция қызметкерлері оқушыларға жол қауіпсіздігін түсіндірді
Аймақтар
29.05.2026
Сыр өңіріндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен семинар-кеңес өтті
Аймақтар
29.05.2026
Алты жасар ақнұрдың жетістігі
Жаңалықтар / Мұрағат
29.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №41 29 мамыр 2026 жыл
Жаңалықтар
28.05.2026
ҚТЖ мен РЖД жүк тасымалын цифрландыру бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды
Аймақтар
28.05.2026
Жақсылықтың жаршысы еді...
Спорт
28.05.2026
Қызылорда теміржолшылары арасында бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды
Жүк тасымалы
28.05.2026
ТХКБ арқылы жүк тасымалы алты есеге артып, Қазақстанның ықпалы күшейді
Әлемде
28.05.2026
Vossloh компаниясы Швецияда бағыттамалық бұрма шығаратын зауыт ашты
Қауіпсіздік
28.05.2026
Жыл басынан бері 24 адам пойыз астына түскен
Жаңалықтар
28.05.2026
Көлік министрлігінде теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселесі талқыланды