Солтүстік өңірлік орталық ашылды

Жаңалықтар
23.12.2022, 09:16
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

2022 жылдың 22 желтоқсанында «ҚТЖ» ҰК» АҚ орталық кеңсесінде Солтүстік аймақ бойынша Пойыздар қозғалысын басқарудың өңірлік орталығы ашылды. Осыған дейін Ақтөбеде – Батыс, Алматыда – Оңтүстік орталықтары ашылған, Солтүстік – үшінші орталық.

Жаңа орталық солтүстік өңірдегі Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар – төрт бөлімшедегі пойыздар қозғалысын басқару қызметін біріктіреді. Орталықтың ашылу салтанатында сөз алған «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов, Пойыздар қозғалысын өңірлер бойынша бір орталықтан басқару жобасы осымен мәреге жеткенін атап өтті.  

– Біз тұсауын кесіп отырған Солтүстік орталықта жалпы жүк тиелімінің басым бөлігін қамтамасыз ететін негізгі бөлімшелер орналасқан. Ал барлық желі бойындағы жұмыс көрсеткіштері орталық пойыз диспетчерлерінің жұмысына тікелей байланысты болмақ. Олар кең де жарық, барлық жағдайы жасалған ғимаратта жұмыс істеп жатыр. Әрине, Орталықтарды құрумен жұмыс бітпейді. Алда әлі атқарар шаруа көп. Ең басты мақсат – жоғары жұмыс өнімділігі мен тиімділікке қол жеткізу. Осы мақсатта үш орталық бір-бірімен тығыз байланыста Компанияның мүддесі үшін қызмет етеді деген сенімдемін, – деді Ұлттық компания Басқарма төрағасының орынбасары.  

Тасымалдау процесін басқаруды орталықтандыру – станциялардың өткізу қабілетін арттыруға ықпал етіп, пайдалану шығындарын оңтайландыруға, қозғалыс қауіпсіздігін және транзиттік пойыздардың маршруттық жылдамдығын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру шеңберінде магистральдық желінің барлық учаскелері «ҚТЖ» ҰК» АҚ мамандары әзірлеген диспетчерлеудің заманауи жүйесімен қамтылған. Желілік-аппараттық залдарда байланыс жабдықтары жаңғыртылып, жылжымалы құрамды бақылаудың және техникалық құжаттаманы жүргізудің автоматтандырылған жүйелері енгізілген.  

– Компанияның орталық әкімшілік ғимаратында жеке блокта орналасқан Солтүстік орталықта жұмыс істеуге төрт бөлімшеден 130-дан астам қызметкер келді. 26 участок бар, бір ауысымда жұмысқа 36 адам шығады. Олар – пойыз және локомотив диспетчері мен ауысым бастықтары. Басты тұлға – пойыз диспетчерлері, олар пойыздардың, бүкіл қозғалысты басқарып, өңірлердегі станция кезекшілерімен тікелей байланыста жұмыс істейді, – деген Солтүстік Орталық бастығы Азамат Бекмағамбетовтің айтуынша, диспетчерлерге екі жыл ішінде тұрғын үйді жалға алу немесе ипотекалық несиемен пәтер алуға қажетті шығындар Компания тарапынан төленеді. Сондай-ақ, көші-қон кезінде де бір жалақы және отбасының әрбір мүшесіне 25% мөлшерінде қаржылық көмек көрсетіледі.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты