Ресейдің қалааралық пойыздарында 75 мың жолаушы жаңа жылды жолда қарсы алды, деп хабарлайды Rail-news.kz РТЖ-ге сілтеме жасап.

Компанияның мәліметінше, өткен жылы 58,7 мың жолаушы жаңа жылды жолда қарсы алған.

«Осы жылы 75 мың жолаушы жаңа жылды жолда пойызда қарсы алды. Дегенмен, жолаушылардың пойызда іштері пыспады, кешті көңілді өткізді десек болады», – делінген РТЖ телеграм каналында.

Жаңа жыл кешінде пойыз басшылары дауыс үдеткішпен жолаушыларды құттықтап, жақсы көңіл-күй сыйлауға тырысқан. Ал пойыз мейрамханаларында мерекелік мәзір әзірленген. Кішкентай балалар сыйлықтар алған.

«Біздің жолаушылар үшін жаңа жыл кеші шынымен сиқырлы әрі ұмытылмастай болды деп үміттенеміз», – деп жазды компания.