2022 жыл ҚТЖ үшін рекордтық көрсеткіш жылы болды

Жаңалықтар
10.01.2023, 09:15
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Өткен жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ үшін шын мәнінде тарихи жыл болды деуге болады. Себебі, отандық теміржол рекордтық жүк айналымына қол жеткізіп, оның көлемі 252 млрд т-км неттодан асып түсті.

Соңғы жиырма жылдың ішінде бұл көрсеткіш екі есе өсіп, 2021 жылдың деңгейіне қарағанда 5,2% өскен. Мамандар бұл жетістікке жүк тасымалына байланысты логистиканы өзгертіп, тасымал ұзақтығын арттыру және тау-кен металлургия өнімдерін өсіру арқылы қол жеткізілгенін айтады.

Сондай-ақ, 2022 жылы Қазақстан Республикасы мен Қытай халық республикасы арасындағы тасымал көлемінің тарихи максимумы орнатылып, 23 млн тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы деңгейден 14%-ке жоғары. Оның ішінде экспорттық жөнелтілімдер 13%-ке, ел мұқтажы үшін импорт 9%-ке ұлғайды. Әрине, мұндай жетістік екі ел теміржолшыларының үйлесімді жұмысының нәтижесі болып табылады. Қытайға тасымалдау сұранысының артуына байланысты Аягөз – Бақты үшінші теміржол шекара өткелін салу бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. Бүгінгі таңда Достық – Алашанькоу және Қорғас – Жетіген шекаралық теміржол өткелдері жұмыс істейді.  

Жалпы, 2022 жылы ҚТЖ желісі арқылы 250 млн тоннадан астам жүк тасымалданды. Әлеуметтік жүк – көмір тиеу 106,6 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 600 мың тоннаға артық. Соның ішінде ел ішіндегі тұтынушыларға 74 млн тонна көмір жеткізілді. Күн сайын облыс әкімдіктерімен бірлесіп қатты отын қорына мониторинг жүргізілуде, оның нәтижесі облыстарда көмір қоры жеткілікті екенін көрсетіп отыр. Тасымалдау процесінің барлық қатысушыларының үйлесімді жұмысының арқасында шағымдар мен айыптаулар да жоқ.  

Жыл қорытындысы бойынша астық тасымалдау көлемі 10 млн тоннаны құраса, бұл 2021 жылғы деңгейге қарағанда 12%-ке жоғары, оның ішінде экспортқа 8 млн тоннасы, яғни 18% өсіммен жөнелтілді. Тартылған астық өнімдерін тасымалдау 3 млн тоннаны құрап, өткен жылғы деңгейге қарағанда 20%-ке өскені байқалды. Астық тасымалдау кезінде негізгі проблема сәуір-қыркүйек кезеңінде квотаның қолданылуы болды, әсіресе, бұл жылдың соңғы үш айында рекордтық көлем – астық баламасында 1,5 млн тоннадан тасымалданған кезде тиелімнің күрт өсуіне әкелді. Десек те, тасымал көлемінің жылдам өсіп, инфрақұрылым жүктемесінің көбеюіне қарамастан ҚТЖ тасымалдау жоспарының орындалуын қамтамасыз етті және келесі жылға арналған басымдықтарды белгіледі.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты