Кәсіби маман Рахима Дайырованы әріптестері ерекше сый-құрметпен зейнет демалысына шығарып салды

Жаңалықтар
10.01.2023, 09:32
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Темір жолдың барлық саласында ерлермен қатар табысты еңбек етіп жүрген әйелдер аз емес. Десек те, соның ішінде вагон шаруашылығын таңдайтын нәзік жан иелері сирек. Күні кеше бүкіл саналы ғұмырын темір жолға, соның ішінде вагон шаруашылығына арнаған кәсіби маман Рахима Дайырованы әріптестері ерекше сый-құрметпен зейнет демалысына шығарып салды.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ вагон шаруашылығы департаментінің бөлім бастығы Рахима Сәлімгерейқызына (Омарова) департамент басшылығы мен әріптестері көп жылдық адал еңбегі мен темір жолды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Салада 30 жылдан астам уақыт талмай, қажымай, табанды еңбек еткен оның ақыл-парасаты мен білімі, жұмысқа деген қабілеті мен жауапкершілігін әріптестері өте жоғары бағалайды.  

Теміржолшылар отбасында дүниеге келген оның әкесі Дайыр Омаров – Ұлы Отан соғысының ардагері, соғыстан кейін 40 жыл Целиноград станциясында жүк қабылдап-жөнелтуші болып жұмыс істеген. Ал анасы Сәруар ұзақ жыл осы станцияда вагон жөндеуші болып еңбек еткен. Қызының осы жолға келуіне анасының ықпалы зор болған. Анасының жұмысымен бала кезінен жақсы таныс Рахима болашақта теміржолшы болатынын сол кезде-ақ нақты шешіп қойған еді.  

Теміржол саласында жоғары білім алған кейіпкеріміз 1986 жылы жолдамамен Тобыл станциясына барып, еңбек жолын Құсмұрын вагон депосында бастайды. Мұнда вагондарды ағытып жөндеу цехының бригадирі болды. Сосын Целиноград станциясында дөңгелек жөндеу цехының шебері болып жұмыс істеді. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей қатысы бар салада ерлермен бірдей еңбек етіп, мол тәжірибе жинап шыңдалды. Ол кезде ұжымда негізінен ер азаматтар еңбек ететін, бірақ Рахима Дайырова олардан бір мысқыл да кейін қалмай, барлық көрсеткіштер бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізді.

– Мен үшін жұмыс күні таңғы сағат 7-де басталатын. Цехқа ертерек келіп, сол күннің жұмыс көлемін бөліп, дайындап қоямын. Дегенмен менің қасымда үнемі мені қолдайтын тәлімгерлерім болды. Ұжымның қолдауы және қамқорлығын көп көрдім және сездім, – дейді Рахима Сәлімгерейқызы.  

Бірнеше жылдан соң еңбек қорғау жөніндегі инженер болды. Әріптестерінің айтуынша, еңбекқорлық, мақсатшылдық, әрбір жанмен тіл табыса білу – Рахима Дайырованың бойындағы ерекше қасиеттер. Жұмысын үнемі жүйелі, тиімді жоспарлап, реттеп отырады. Ал басшылық оны вагон шаруашылығына үлес қосқан мықты маман ретінде жоғары бағалайды. Ол өз саласының нағыз майталманы, кәсіби маман болды дегенді бірауыздан мойындайды.  

Оны қимастықпен зейнет демалысына шығарып салған әріптестері мен басшылық құрам ұзақ жылғы адал еңбегі үшін зор алғыс айтып, алдағы өміріне тек сәттілік серік болсын деген тілек білдірді.  

– Бүгін мен жанымның бір бөлшегін темір жолда қалдырып бара жатқандаймын. Еңбек жолымда кездескен, менімен әріптес болған жандардың бәріне де алғысым мен құрметім шексіз, бәрін де жақсы көремін, баршаңызға денсаулық, еңбекте табыс тілеймін, – деп қоштасты әріптестерімен кейіпкеріміз.  

Жары Ринатпен екі қыз тәрбиелеп өсірген Рахима Сәлімгерейқызы – теміржолшылар отбасының қызы ғана емес, 400 жылдық тарихы бар теміржолшылар әулетінің келіні.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті