Республикалық форумда ІІІ орын алған атыраулық жастар марапатталды

Жаңалықтар
13.01.2023, 10:23
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Желтоқсан айының 11-14 аралығында Астана қаласында «Жастар – теміржол болашағы» атты ХІ республикалық жастар форумы өткені белгілі. Жалпы командааралық сайыста атыраулық жастар жүлделі үшінші орынды иеленіп, жеңіспен оралды.

Жаңа жылдың алғашқы жұмыс аптасында Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің бастығы Аслан Базарғалиев Атырау өңірінен форумға қатысқан 12 жасты қабылдап, жеңістерімен арнайы құттықтады. «Қазақстанның барлық өңірінен ең мықты командалар сайланып келген республикалық форумда біздің Атырау жастарының жүлделі ІІІ орынды иеленуі аймақ теміржолшыларының мерейін көтеріп, қуанышқа бөледі. Бұл – біз үшін үлкен жетістік. Жастар ел болашағы деп бекер айтпаймыз. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға жетіп, еңбекте алда болыңыздар», – деген бөлімше бастығы жеңімпаздарға Алғыс хат пен бағалы сыйлық тарту етті.  

Команда мүшесінің бірі Артур Әбдіровтің айтуынша, форум барысында әртүрлі сайыстар, дискуссиялар, қойылымдар, викториналар, интеллектуалды ойындар, флешмоб, тренингтер өткен. Атырау командасы отандық «Келінжан» фильмін темір жол өмірімен байланыстырып қойылым қойған. Нәтижесінде ол көпшіліктің көңілінен шығып, жоғары баға алған. Атыраулықтар жалпыкомандалық сайыста үшінші дәрежелі дипломды иеленген.  

«Біз үшін бұл үлкен серпін болды. Барлық өңірден 250-ден астам жастар қатысты. Таныстық, өзара тәжірибе алмасу бір-бірімізді біріктіре, жақындастыра түсті. Осындай форумның өтуі жастарға шынымен де зор күш беріп, қанаттандыра түсетіні айқын», – деді Артур.  

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды