«Жас темір» жастарының жетістігі

Жаңалықтар
18.01.2023, 18:45
Суретті түсірген Александр Жабчук
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да былтыр 1 қаңтарда басталған «Жас Темір» жас мамандарды дамыту бағдарламасының 1-ротациясының қорытындысы шығарылды. Жиынға «ҚТЖ» ҰК» АҚ аппарат басшысы Серік Кеулімжаев бастаған басқа да департамент басшылары қатысты.  

Бағдарлама компания кәсіпорындарын теміржол саласы бойынша даму перспективалары және тәлімгерліктің үздік тәжірибелерін енгізуді ескере отырып, білікті мамандармен қамтамасыз етуді көздейді. Жас мамандар бес кезеңнен тұратын конкурстық іріктеуден өтеді. Бағдарламаның басты артықшылығы компанияның тәжірибелі қызметкерлері қатарынан жеке тәлімгерлердің басшылығымен жас мамандарды жедел дамыту болып табылады. Қатысушылар 3 ротациядан өтеді, олардың әрқайсысы 5 айға созылады. Жас маман әрбір ротация алдында оқытылады, олардың жеке тәлімгерлері болады, негізгі мамандық бойынша 3 ротациядан өтеді, ай сайын жалақы төленеді, жатақхана компания есебінен беріледі. Мақсаттарды жоспарлау және жеке даму жоспарлары бекітіледі және кәсіби мамандармен жұмыс жүргізеді.  

Осы бағдарлама бойынша оқуға қабылданып, ротацияның бірінші 5 айынан өткен 5 маман қорытынды жиында өздерінің жоба аясында үйренгендерін ортаға салды. Мәселен, солардың бірі – Арыстан Жұман алғашқы ротациясын «KTZ Express» АҚ – да техникалық саясат департаментінде өткен.  

– Теміржол саласында жоғары білім алып, оқуды 2021 жылы бітірдім. Былтыр осы бағдарлама туралы естіп, қатысуға бел будым. Барлық кезеңдерінен өткеннен кейін бізді жазда Астанаға шақырды. Қарағанды қаласынан келдім. Жатақханаға орналастырып, жұмыс орнымызды көрсетті, сөйтіп қыркүйекте жұмысты бастап кеттік. Басында көбіне таныстыру, үйрету бағытында жұмыс жүргізілді, бірте-бірте жұмыс ауқымы артты және күрделене түсті. Бағдарлама аясында 1 жарым жылда толыққанды теміржолшы болып шығуымыз керек. Келесі 5 айлық ротация кезінде жаңа департаментке ауыстырады. Менің жұмысым көбіне құжаттармен байланысты, – дейді А. Жұман.  

Одан бөлек  ротациясын таныстырған Әйгерім Шымырбаева «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС маркетинг және сервистерді дамыту департаментінде менеджер ретінде тәжірибеден өтті.  

– Ротация кезінде атқарған жұмыстарым көп. Атап айтқанда, эко жүйе және электронды құжат айналымымен, мәліметтер базасымен жұмыс істеуді үйрендім. «Rail –Тариф»,  Rail-Атлас» бойынша жұмыс істедім, шетел теміржол әкімшіліктері арасында бизнестік қарым-қатынас құрдым. Клиенттердің Жүк тасымалы қызметтеріне қанағаттану деңгейі бойынша онлайн сауалнама жүргіздім. ҚР ИИДМ, ҚР Бас прокуратурасы, ҰЭМ, АШМ және адвокаттық кеңселермен жұмыс жүргіздім. Маркетолог ретінде жарты млн астықтың транзит арқылы тасымалдануына және ҚТЖ экономикасын арттыруға үлес қосуға тырыстым, – деді сөз алған Ә. Шымырбаева. Сонымен қатар ол жұмыс өнімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар бергенін де жеткізді.  

Сол сияқты өзге де бағдарлама қатысушылары - Аян Шарапат, Елдар Ахметбеков және Мадияр Жәдігеров те өздерін таныстырып, тәжірибе кезінде не үйренгенін арнайы слайдтар арқылы баяндады. Жастардың жігері мен ынтасына, талабына риза болған басшылар оларға сұрақтар қойып, алдағы арман-мақсаттарын толығырақ білді және сол мақсаттарға жетер жолда сәттілік тіледі. Жас мамандар осындай алып компанияда жұмыс істеуге баулып, оларға осыншама жағдай жасап отырған ҚТЖ компаниясы басшылығына алғыс білдірді және теміржолды дамытуға барынша күш салатынын жеткізді. 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты