Өткен жылы теміржол көлігімен 405 млн тонна жүк және 19,4 млн жолаушы тасымалданған

Жаңалықтар
20.01.2023, 10:19
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Осы жылдың 18 қаңтарында Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың қатысуымен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтіп, онда 2022 жылдың жұмыс қорытындысы қаралды.

Министрлікке қарасты салалардың өткен жылы атқарған жұмыстарына шолу жасаған аталған ведомство жетекшісі Марат Қарабаев, 2022 жылдың қорытындысы бойынша көлік саласында ФКИ (ИФО) 103,9% құрағанын, транзиттік контейнерлік тасымал 6%-ке ұлғайғанын атап өтті. Сонымен қатар ол Қазақстан аумағы бойынша транзиттік жүк көлеміндегі өсім 19,6% құрап, жалпы көлемі 26,8 млн тоннаға жеткенін, осындай оң динамика жолаушылар тасымалы секторында да байқалып, 2,3%-ке өсім бар екенін атап өтті.

– Өткен жылдың желтоқсан айында 2030 жылға дейінгі ҚР көлік-логистикалық әлеуетін арттыру тұжырымдамасы әзірленіп, бекітілді. Еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру мақсатында теміржол саласында ірі инфрақұрылымдық жобалар қолға алынды. Оның бірі – былтырғы қараша айында Достық-Мойынты учаскесінде екінші жолдар құрылысының басталуы. Бұл жобаның жүзеге асуы аталған телімнің өткізу қабілетін 5 есе өсіреді. Биыл Алматы станциясы арқылы айналма жол құрылысы басталады. Осы жылдың соңына дейін «Дарбаза – Мақтаарал», «Бақты – Аягөз» сияқты жобалардың техникалық құжаттамаларын әзірлеу бойынша жұмыстар аяқталып, одан кейін құрылыс жұмыстарына кірісеміз, – деді министр Марат Қарабаев.  

Министрліктің алқа отырысында вице-министрлер өздері жауапты салалар жұмысына қатысты баяндама жасады. Мәселен, вице-министр Алмас Ыдырысов, көлік саласында атқарылған жұмыстар мен ағымдағы жылы алға қойып отырған мақсат-міндеттермен таныстырды. Оның айтуынша, 2022 жылы теміржол көлігімен 405 млн тонна жүк және 19,4 млн жолаушы тасымалданған. Сондай-ақ, пойыздарды жаңарту және жаңғырту бойынша заңнамалық шаралар қабылданған.  

– 2022 жылы 62 бірлік Тальго жолаушылар вагоны, 42 локомотив, 1400 астам вагон-платформа сатып алынды. Ал 2023 жылы 1500 ашық вагон, 307 жолаушылар вагонын, 130 локомотив және 2 мыңнан астам вагон-платформа сатып алу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, өткен жылы 15 қалааралық бағдар жаңартылып, жаңа облыстардың құрылуына байланысты 4 жаңа бағдар ашылды және Алматы – Қонаев бағытындағы қала маңы пойызы іске қосылды, – деді вице-министр.  

Ол өткен жылы бекітілген 2030 жылға дейінгі ҚР көлік-логистикалық әлеуетін арттыру тұжырымдамасын іске асыру нәтижесінде Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзит көлемі 35 млн тоннаға дейін, соның ішінде контейнерлік транзит көлемі 2 млн контейнерге дейін ұлғаятынын атап өтті. 2030 жылға қарай шекаралық сауда хабтары, аймақтық транзиттік авиахабтар құрылып, жылжымалы құрам жаңаланбақ, сонымен қатар көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша іс-шаралар іске аспақ.

– Тұжырымдаманы іске асыру кезінде біз негізгі дәліздердің одан әрі дамуына басымдық беретін боламыз. Бүгінде геосаяси жағдайларға байланысты тауарды жеткізудің логистикалық тізбегінің бұзылып және дәстүрлі дәліздердің үзілуіне байланысты Транскаспий халықаралық көлік бағыты, сондай-ақ Солтүстік-Оңтүстік дәлізі өзекті бола түсуде. Мәселен, 2022 жылдың қорытындысына сәйкес ТХКБ бойынша тасымалданған жүк 2 есеге өсіп, 1,7 млн тоннаны құрады. Осы ретте ТХКБ дәлізіне қатысушы Қазақстан, Әзербайжан, Грузия және Түркия елдерімен өткен жылдың 25 қарашасында Ақтау қаласында екі Жол картасына қол қойылды. Олар аталған дәліз бойындағы «тар жерлерді» бірлесе отырып жою және 2022- 2028 жылдар аралығында ТХКБ әлеуетін дамытуды көздейді. Бұл өз кезегінде дәліздің өткізу қабілетін жылына 10 млн тоннаға дейін арттыратын болады, – деді Алмас Ыдырысов.  

Оның айтуынша, келешегі кемел бағыттардың бірі – Солтүстік-Оңтүстік дәлізі. Бұл дәліздің шығыстағы тармағы Болашақ станциясы арқылы шығатын Қазақстан – Түркіменстан – Иран теміржол телімі болып табылады. 2022 жылы осы құрлықтық бағдар бойынша да жүк тасымалы өскен. Жалпы дәлізбен және теңізді қоса алғанда 1,5 млн тонна көлемінде жүк тасымалданған. Солтүстік-Оңтүстік дәлізі бойындағы «тар жерлерді» жоюға қатысты Жол картасы Қазақстан, Ресей, Түркіменстан және Иран елдерімен бірлесе әзірленген.  

Вице-министр қазір «ҚТЖ» ұлттық компаниясын ұлттық көліктік-логистикалық компанияға трансформациялау бойынша жұмыстар басталғанын атап өтті. Сонымен бірге 2025 жылы Ақтау порты АЭА базасында контейнерлік хаб құру жоспарланып отыр. 2021-2022 жылдары екі контейнертасымалдаушы іске қосылса, 2023 жылдың бірінші тоқсанында жүк тиеу-түсіру техникаларын жаңарту жұмыстары жүргізіліп, тағы бір контейнертасымалдаушы іске қосылмақ. Бұл контейнерлік тасымал көлемін жылына 300 мың контейнерге дейін арттыра түспек.  

Алқа отырысын қорытындылай келе Үкімет басшысы Әлихан Смайылов министрлік алдына бірқатар міндеттер қойды. Атап айтқанда, Ақтау, Құрық теңіз порттарын кешенді дамыту бойынша жұмыстарды жеделдетуге, ҚТЖ компаниясын көліктік-логистикалық ұлттық компания ретінде трансформациялау жұмыстарын сапалы жүргізуге, сондай-ақ локомотивтер мен вагондарды жаңарту үшін теміржол машинажасау саласын дамыту бойынша кешенді бағдарламасын әзірлеуге қатысты тапсырма берді.

 

Әлемде
21.08.2025
Alstom жаңа сутекті пойызын сертификаттауға шығарды
Жүк тасымалы
21.08.2025
"Шұбаркөл Премиум" көмірін тасымалдау бойынша рекорд орнатылды
Аймақтар
21.08.2025
800 метрге дейінгі түйіспесіз рельс плеттерін дайындайтын кәсіпорын
Инфрақұрылым
21.08.2025
Құлсары жолы жаңарып жатыр
Жаңалықтар
20.08.2025
ҚТЖ Қытай инвесторларымен Каспий логистикасын кеңейту мәселесін талқылады
Жүк тасымалы
20.08.2025
ҚТЖ мен ірі жүк жөнелтушілер жыл соңына дейін тасымалдау жоспарларын талқылады
Жүк тасымалы
20.08.2025
Орта дәліз: Чэнду қаласынан шыққан контейнерлер 15 күнде Карсқа жетті
Трансформация
20.08.2025
Елде теміржол техникасын өндіру көлемі еселеп артты
Цифрландыру
20.08.2025
Цифрлық технологиялар тасымал тиімділігін 45%-ға арттырады – Жаслан Мәдиев
Инфрақұрылым
19.08.2025
Үкіметте теміржол саласын жаңғырту мәселелері қаралды
Жаңалықтар
19.08.2025
Қазақстан Қытаймен арадағы теміржол жүгін өткізу қабілетін 25 миллион тоннаға арттырмақ
Жаңалықтар
19.08.2025
ҚТЖ жеті айда 177 млн тонна жүк тасымалдады
Жаңалықтар
19.08.2025
ҚТЖ трансұлттық мультимодальды компания ретінде қалыптасуда – Жақыпов
Жаңалықтар
19.08.2025
Қазақстан 456 локомотив сатып алады
Жаңалықтар
19.08.2025
Биыл елімізде екі ірі теміржол жобасы мерзімінен бұрын аяқталмақ
Қауіпсіздік
19.08.2025
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – ортақ міндет
Спорт
19.08.2025
Кіл мықтылар анықталды
Қауіпсіздік
19.08.2025
Ұрлық түбі – қорлық
Аймақтар
19.08.2025
Теміржолшы мамандығына грант саны артуда
Жаңалықтар
19.08.2025
Ұлы ақынды ұлықтады